Тәрбие процесі-жеке адам мен балалар ұжымын әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруда, оларды, өмірге дайындап, қоғамда өз орнын таба білуге үйретіп, әрбір әрекетімен, қызметімен қоғамға пайда келтіруде, өз жеке басына қанағаттанған сезіммен қарауға тәрбиелеу.
Тәрбие процесінің құрылысы өз ерекшеліктеріне байланысты алдына айқын мақсаттар қойып, тәрбие мазмұның соған негіздеп, оларды іс-жүзіне асыруда тәрбиенің формалары мен әдіс-тәсілдерін, объективтік мүмкіндіктерін сонымен қатар ең соңында жеткен жетістіктерідің қорытындысын белгілейді.
Тәрбие процесінің екі жақтылық функциясының мәні –педагогтің белгілі мақсат пен жасаған педагогикалық ықпалы, табиғи түрде, оқушының өмірі мен іс-әрекеттерінің үйлесуі қажет.
Тәрбие процесінің ерекшеліктері
Тәрбие процесі-жеке тұғаны қалыптастыруды мақсатқа бағытталған үрдіс.
Тәрбие процесі-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің тиімді өзара іс-әрекеті (ынтықмастығы).
Тәрбие процесінің көп факторлығы объективтілік және субъективтілік
Тәрбие процесінің ұзақтылығы тікелей емес тәрбие ықпалы кезеңінен нәтижеден алыстау мен сипатталады.
Тәрбие процесінің үздіксіздігі бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетінің жүйесі.
Тәрбие процесінің кешенділігі - мазмұны, міндеттері, мақсаты,түрі, әдіс-тәсілдерінің бірлікте болуы.
Тәрбие процесі екі жақтылық сипатта болады:тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиеленушіге қарай.
Тәрбие процесінің заңдылығы деп педагогикалық құбылыстар мен процестердің бір-бірімен объективті түрде байланысып жатуымен сипатталынады. Тәрбие процесінің заңдылығы қоғамдық құбылыс ретінде тәрбие заңдылығы мен жеке тұлғаның даму заңдылығына тән. Әрбір жеке адамның іс-әрекеті мен қызметі және басқа адамдармен қарым-қатынасы, оның әлеуметтік өмірін құрайды. Сол себептен іс-әрекет пен қарым-қатынас- тәрбие процесінің негізі, қоғамдық мәні зор адамгершілік сапаларын қалыптастыратын өзекті тірек.
- Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен өзара байланыстылығы- тәрбие процесі заңдылығының екінші құрамын құрайды.
- Тәрбие процесінің мазмұны жеке адамның ішкі позициясына жасаған ықпалы өте жоғары болатындығын тәрбиенің үшінші заңдылығы тудырады
- Тәрбие процесінің қорытынды нәтижесі бүгінгі өмір талабына сай болуы-тәрбие жұмысының төртінші заңдылығы.
Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігін-тәрбие процесінің бесінші заңдылығы.
-Тәрбие процесінің мазмұндамасы қоғамдық ортаның объективтік және субъективтік факторларымен тығыз байланыста болатындығы – тәрбие процесі заңдылықтарының бірі болмақ.