Тәрбие әдістері – бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету (Т.Е.Конникова) Тәрбие әдістері - тәрбиеші мен тәрбиеленушілер іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері (В.А.Сластенин) Тәрбие әдістері – бұл мектеп тәжірибесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол (Ж.Әбиев)
Тәрбие әдісі дегеніміз тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысқан іс-әрекетінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері
Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бір бөлігі, жеке-дара әрекет, нақты іс Тәрбие құралдары: іс-әрекеттің түрлері, көрнекі құралдар, педагогикалық ықпал жасау құралдары, коммуникация, құралдары.
Тәрбие әдістерін таңдауды анықтайтын жалпы принциптер:
Тәрбие мақсаттары мен міндеттері
Тәрбиеленушілердің жас және дара, тұлғалық ерекшеліктері
Әдістердің жіктелуі дегеніміз анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі
Тәрбие әдістерінің жіктелу проблемасын шешуде зор үлес қосқан ғалымдар: Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородников, Н.И.Болдырев, И.С.Марынко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т.б.
Тәрбие әдістері: (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина бойынша)