8.Сынып тәрбие жүйесін құру сынып жетекшісі іс-әрекетінің шығармашылық нәтижесі ретінде
9.Отбасы тәрбиесінің негізі
Аннотация
Пәннің мазмұны: Оқып меңгерілетін «Тәрбие теориясы» пәні жоғары мектептегі педагогикалық дайындау жүйесінде жоғары мәнге ие. Студенттерді іс-қимыл үстіндегі және теориялық проблемалардың ең ауқымды сұрақтарымен таныстыру, өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру.
- Тәрбиенің дамуының қозғаушы күштеріне сипаттама береді
- Отандық педагогтардың бастауыш сынып оқушысын оқытудың педагогикалық негіздері жайлы мәселелері оқылады.
Пәнді оқытудың мақсаты: - Болашақ педагог студенттерге «тәрбие теориясы» мәселесі бойынша теориялық және практикалық білімдер беру.
Пәнді оқып үйренудің міндеті: - Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде болашақ тұлғаның дамуының педагогикалық теориялар туралы жалпы білім беру; педагогика саласындағы адамның атқаратын қызметін оқып білу; оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктері, бастауыш сынып оқушыларының даму заңдылықтарын түсіну, арнайы әдебиеттермен жұмыс жасау.
Курсқа сипаттама
«Тәрбие теориясыі» курсын оқыған студент қарастыратын негізгі ұғымдармен таныс болуы, оны басқа ғылымдармен сабақтастыра алуы (педагогика, физиология, психология салалары)
Бастауыш сынып оқушысының даму ерекшеліктерін тану, кәсіби қызметте пәннен алған білімдерін қолдана алуы тиіс.