«Ойлан да аяқта»
ойыны.
Мақсаты: дұрыс ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Ат шабады, ал қарға ... (ұшады)
Ит үреді, ал қарға ... (қарқылдайды)
Жылан жорғалайды, ал балық ... (жүзеді)
Қасқыр ұлиды, ал қой ... (маңырайды)
Түйе боздайды, ал жылқы ... (кісінейді)
Лимон қышқыл, ал қант ... (тəтті)
Өзен арықтан терең, ал арық ... (саяз)
Егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық... (үстелден аласа)
Сен аяғыңмен жүресің, ал затты ұстағанда немен ұстайсың... (қолыңмен) Егер Самал үйден Айманнан бұрын шықса, ал Айман ... (кейін)
«Мамандықты ата» ойыны
Асты кім пісіреді?
Өлеңді кім жазады?
Суретті кім салады?
Ауланы кім сыпырады?
Хатты кім таратады?
«Төлін айт» ойыны
Аюда – ... (қонжық)
Түлкіде – ... (мыршай)
Қасқырда – ... (бөлтірік)
Қоянда – ... (көжек)
Итте – ... (күшік)
2. Қоршаған ортамен танысу
«Жануарлар несімен ерекшеленеді?» атты дидактикалық ойыны. Тәрбиеші жануарлардың өздеріне тән белгілерін (айырмашылықтарын) атайды. Балалар соған қарап, оның қандай жануар екенін табады. Көлеміне қарай: Өте ұсақ: жәндіктер Орташалар: қалтауыз, тышқан, көртышқан. Ірілері: кит, піл. Ұзын: жылан, кесіртке, қолтырауындар. Шар тәріздестер: кірпі. Бояуына қарай: Қара: қарға, ұзақ, бүркіт. Ақ: қоян (қыста), ақ аю,ақ түлкі. Сұр: қасқыр, қоян (жазда), қабылан. Мекендейтін жеріне қарай: Суда: балық, шаян. Жердің астында: құрттар, көртышқан. Орманда: қоян, тиін, аю.
«ЖАҚСЫ – ЖАМАН» дидактикалық ойынын ұйымдастыру.
Мақсаттары: Балалардың табиғатта өзін-өзі ұстау тәртібі туралы білімін нығайту. Тәрбиеші балаларға табиғат аясындағы мінез-құлықтың сызбалық ережелерін көрсетеді. Балалар суреттерге қарап, онда не бейнеленгенін жан-жақты баяндап береді. Нені істеуге болатынын, нені болмайтынын айтады. Себебін түсіндіріп береді.
Қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.
Орманға ата-аналарымызбен баруға бола ма?
Тауға, далаға жалғыз шығып кетуге бола ма?
Ата-анаңнан қашып, көрші көгалға кетіп қалуға бола ма?
Ылғи ата-анаңмен бірге бол!
Достарыңызбен бөлісу: |