Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы
Білім беру ұйымы
Сынып: мектепалды даярлық
Балалардың жасы: 5 жас
Жоспардың кезеңі : 22.05-26.05 2023ж
Күн тәртібі
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Балаларды қабылдау 830
|
Ата –аналармен әңгімелесу кеңес беру,балаларды жан-жақты қарап қабылдап алу,дене қызуын бақылау,ата-анасынан түнгі ұйқысы қалай болғандығын сұрау,күнделікті мектепке әкеліп,алып кетулерін қадағалау. Мәдени-гигиеналық әрекеттер мен дағдылар,ұйымдастыру шаралары ,балалардың қызығушылығына,көңіл күйіне назар аудару
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)840-850
|
Таңғы жаттығу 850-855 Гимнастика №1
|
Балалармен ойындар
ҰІӘ дайындық
|
1.Сөйлеуді дамыту
2. Математика негіздері
3. Сауат ашу негіздері
4. Дене шынықтыру
|
1. Қоршаған ортамен танысу
2. Қазақ тілі
3. Көркем әдебиет
4. Музыка
|
1. Сауат ашу негіздері
2. Математика негіздері
3. Қазақ тілі
4. Дене шынықтыру
|
1. Сөйлеуді дамыту
2. Қоршаған ортамен танысу
3. Көркем әдебиет
4. Музыка
|
1.Сауат ашу негіздері
2. Математика негіздері
3.Шығармашылық іс-әрекет
4.Дене шынықтыру
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
1.Сөйлеуді дамыту
«Сипаттамасы бойынша таны»
Ойынның мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: жануарлардың, құстардың ойыншығы.
Ойынның мазмұны: балалар аю, түлкі, қасқыр, қоянның ойыншықтарын қарастырады. Әр ойыншықты анықтап атын атайды. Ойнаушылардың біреуі бөлмеден шығып кетеді,басқа ойнаушылар ойыншық туралы жұмбақ құрастырады.Ертегі:
Түлкі мен қоян.
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ
еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін Қасқыр Түлкінің артына еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, Қасқыр Түлкіні өлтіріп тастар еді.Түлкі орманда келе жатып, ағаш түбінде отырған Қоянды көреді. Ол мезгілде Қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде Қоян өзін ұстап алған Түлкіге: «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне, содан бері Түлкінің құйрығы ұзын, ал Қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.
«Керісінше айт»
Ойынның мақсаты: Антоним сөздерді дұрыс айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: доп
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызады да допты лақтырып кез келген сөзді айтады. Балалар сол сөзге керісінше сөзді айтады. Мысалы: ақырын-жылдам, суық-ыстық...
«Бір сөзбен айт»
Ойынның мақсаты: Заттарды танып бір сөзбен айтуға үйрету.
Ойынның құрал-жабдықтары: Ыдыстардың, ойыншықтардың, жануарлардың суреттері.
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы: ыдыстар, ойыншықтар, жануарлар.
|
Достарыңызбен бөлісу: |