Тәрбиелеу- білім беру процесінің циклограммасы



бет8/13
Дата22.05.2023
өлшемі248 Kb.
#96016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
22-26 май цикл

«Доп ұру»


Бірінші топ ойыншылары бір-бірінің артынан бір сызық бойымен тұрады. Ойыншылардың арасында шамамен екі адым қашықтық болуы керек. Екінші топ та дәл осындай параллельді сызық бойымен тұрады. Ойын үшін екі топтағы ойыншылар санына тең доптар керек. Бір топтың ойыншыларының Мақсаты – доптарды сәл алдыға және жоғары лақтыру. Ал екінші топтың Мақсаты – кезекпен барлық «нысандарды» атып түсіру. Содан кейін керісінше ойналады.

«Үшінші артық»


Ойынға қатысушылар санамақ арқылы, әйтпесе, жеребе тастау жолымен жұптарға бөлініп, содан кейін екі-екіден, бірінің сыртына бірі үлкен шеңбер жасап орналасады. Жұп пен жұптың арасы екі-үш қадам болғаны дұрыс.
Ойынды жеребе бойынша сайланған жүргізуші мен сыңарсыз ойыншы бастайды. «Артық» ойыншы қашып бара жатып, кез келген жұптың алдына кенеттен тұра қалуы тиіс. Егер жүргізуші оны қуып жетіп, қолын тигізе алмай қалса, енді осы жұптағы үшінші ойыншы «артық» болып саналады да, қаша жөнеледі. Мұндайда, жүргізуші өз міндетін одан әрі
атқара беруге мәжбүр. Ал жүргізуші «артық» ойыншыны бірден ұстап алған жағдайда, екеуі өз міндеттерімен алмасады.



1.Сөйлеуді дамыту
«Сөйлемді толықтыр» ойыны
Дидактикалық міндеті: балаларды жай жəне күрделі сөйлемдер құрауға үйрету.
Мазмұны. тәрбиеші сөйлемді бастайды, ал балалар жалғастырады, мысалы: Асхат таңертең ...
«Сиқырлы текше» ойыны
Мақсаты: текшедегі аңдардың дауысын келтіріп,тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.
Ойын шарты: көңілді əуен ойналады. Педагог жəне балалар шеңберге тұрады.
Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды.
«Қамшы» ойыны
Ойын шарты: балалар шеңбер жасап тұрады, ортаға бір ойыншы шығады, қолында қамшы, музыка сүйемелдеуімен шеңбердің ішінде секіріп жүгіреді, музыка тоқтаған кезде ортадағы ойыншы тоқтап қамшыны екі баланың ортасына қояды, екі бала екі жаққа жүгіріп тез келіп қамшыны алулары керек. Жылдам келіп, қамшыны алады да, сол бала ойынды жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет