Балалардың дербес әрекеті
(баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)
|
«Сен жасыр, біз табамыз» дидактикалық ойын ұйымдастырылады.
Шарты: балалар көзін жұмып отырады. Бір ойыншы шығып жеміс, көкөністердің муляждары салынған табақтан біреуін алып, артына жасырады. Ойыншы сол жемісті,көкөністің атын айтпай сипаттайды. Жасырған жемісті, көкөністі дұрыс тапқан бала ойынды жалғастырады. Сөйлеуді дамыту
|
Дидактикалық ойын:«Не қайда тұр?»
Мақсаты: Кеңістік ұғымдарын қалыптастыру (сол жақ, оң жақ, ортасында), сөйлегенде осы терминдерді дұрыс қолдануға баулу.
Шарты: Сол жаққа қарай орналасқан және оң жаққа қарай орналасқан жемістерді табу, атау Математика негіздері
|
Дидактикалық ойын: «Киіндіреміз»
Мақсаты: Киім туралы тусінік беру, жыл мезгілдерінің өзгерістеріне байланысты киімдерді сараптай білуді үйрету; Маусымдық өзгерістеріне сәйкес киімдерді таңдау дағдыларын қалыптастыру; Тиянақтылықты, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу.
Шарты: Жыл мезгілдеріне байланысты карточкаларды пайдаланып, қай киімді қай мезгілге сәйкес кию керектігін айтады Сөйлеуді дамыту,қоршаған ортамен таныстыру.
|
Дидактикалық ойын: «Жеміс бағына саяхат»
Мақсаты: Жемістер туралы білімдерін естеріне түсіріп, жемістер бақта өсетіндіктерін ұғындыру; Күз сыйы және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту; Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Шарты: Бақтағы ағаш суретіне жемістерді атай отырып орналастыру. Сөйлеуді дамыту
|
«Жемістер алма, алмұрт»
Мақсаты: Дайын пішіндерді қағаз бетіне жабыстырады. Жапсыру
Дидактикалық ойын: «Артында – алдында»
Мақсаты: Заттардың өзіне тікелей жақынкеңістікте
орналасқан бағытын ажырату (алдында – артында)
түсініктерін қалыптастыру;
|
|
|
|
|
|