Тәрбиелеу білім беру процесінің циклограммасы Білім беру ұйымы: тоо «Одарешка» балабақшасы Топ: «Айналайын» мектепалды даярлық тобы Балалардың жасы: 5-6 жас Жоспардың құрылу кезеңі: 31қазан-04 қараша 2022 жыл



бет27/47
Дата28.11.2023
өлшемі158,1 Kb.
#130884
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47
Байланысты:
ноябрь 2022

Серуенге дайындық

Балалардың киіну реттілігін бақылау. Сыртқы киімдерін ауыстырып киюді қадағалау. Балалармен жеке әңгімелесу. Серуенге шығамыз деген нұсқаумен барлық балалар орындарына тұру. Балаларды табиғатпен таныстыру.

Серуен

Бақылау:
Құстардың қысқы тіршілігін бақылау.
Мақсаты: Құстардың күзгі тіршілігін қадағалай отырып, кейбіреуінің жылы жаққаұшып кететіндігі, ал кейбіреуінің қыстап қалатындығы туралы түсінік беру .
Билингвальды компонент: еңбек- труд, жылы-тепло
Еңбек : « Біздің ойыншықтар » .
Мақсаты: Ойыншықтарын ұқыптап таза ұстауға, мұқияттылыққа үйрету.
Жеке жұмыс: Тақпақ: « Құстар қайтып барады » .
Мақсаты: Балаларға тақпақ жаттату арқылы сөздік қорларын молайту, дыбыстарды дұрыс айта білуге үйрету.
Қазан толы
Дәулет қорын қалады.
Заңғар көкке жол сызып,
Құстар қайтып барады.
Қимылдық ойын: «Сымсыз телефон »
Дербес ойындар:
1.Тығылыспақ
2. Әткеншек тебу.



Бақылау:
Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.
Еңбек: « Таза алаң » .
Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов « Күшік » .
Мақсаты: Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.
Үреді үйшікте
Аулада күшіктер
Біреуі оның қап-қара,
Біреуі сары ала
Біреуі қардай ақ,
Біреуі сұр жолақ
Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:
Үреді абалап
Қимылдық ойын: «Тымпи-тымпи»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Әткеншек тебу.
2. Допты қуалау .
Билингвальды компонент: ит-собака, қара-черный, ауа-райы - погода

Бақылау: Күзгі жапырақтарды бақылау.
Мақсаты: Мезгілге байланысты жапырақ түстерінің өзгеруін қадағалау.
Еңбек : Жапырақтардан гүл шоғын жасау
Мақсаты: Қол икемділігін дамыта отырып, әсемділікті, әдемілікті сезіне білуге талпындыру.
Жеке жұмыс: « Күзгі жапырақ » тақпақ
Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту арқылы, сөздік қорын дамыту.
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар сезгендей.
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей
Қимылдық ойын: «Монданақ»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1.Орта доп
2.Әткеншек тебу
3.Қуаласпақ
Билингвальды компонент: әткеншек-качеля, күз-осень,жапырақ-листья

Бақылау:
Алтын күзді бақылау.
Мақсаты: Күзгі алаңның назар аударып, күздің алғашқы белгілерін анықтау.Қай ағаштың жапырақтары ерте өзгеріске ұшырайтынын, түрін, түсін ажырату.
Қуандырып біздерді,
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Еңбек : « Таза алаң »
Мақсаты: Ойын алаңындағы ағаш бұтақтарын жинау.Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.Бастаған ісін аяғына дейін тиянақты орындауға үйрету.
Жеке жұмыс: «Отбасы мүшелері»
Мақсаты: Отбасы мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.
Қимылдық ойын: « Көрші » .
Дербес ойындар.



Бақылау:
Жәндіктерді бақылау.
Мақсаты: Күзде жәндіктер қысқа қалай дайындалады? Мінекей, құмырсқаларды қараңдаршы, өз азықтарын жинап еңбектеніп жатыр.
«Қыстың қамын жаз ойла» деген бағытта түсінік беру.
Еңбек : Біздің алаң.
Мақсаты: Ауладағы жапырақтарды жинау.Балалардың еңбекке ынтасын арттырып , өздігінен еңбек ете білуге үйрету.
Жеке жұмыс: Тыйым сөздерді жаттату.
Мақсаты: «Суға түкірме» , «Нанды баспа» , «Дастархан басында кекірме» т.б сөздердің мағынасын айтып түсіндіру.
Қимылдық ойын: «Итеріспек»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Тығылыспақ.
2. Тартқышқа тартылу.
3.Допты қуалау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет