Серуен
|
Бақылау: Жаяу адамдарды бақылау
Мақсаты: жолда жүру ережесі туралы, жолдың жаяулар жүретін бөлігі туралы білімдерін тиянақтау.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Жаяу жүргінші білуі тиіс: Бағдаршамның өз белгісі бар-оған ешқандай қарсылықсыз көнуің керек! Сары түс-ескерту: қозғалыс белгісін асықпай күте біл! Жасыл түс-жол ашық. Жолдан еркін өте бер! Қызыл түс бізге ТОҚТА дегенді білдіреді. Қауіпті! Жол жабық! Балалар жолдан өтерде өте сақ болыңдар! Жолда жүру ережесін үнемі есте сақта!
Тәрбиеші балаларды жолдың жаяулар жүретін бөлігіне әкеліп, әңгіме өткізеді.
♦ Жаяу жүргінші жолдың қай бөлігімен жүруі керек? (тротуармен)
Жүргенде жолдың оң жағымен , өзгелерге соқтықпай, басқаларға кедергі келтірмей жүруге тырысу керек. Көшеде сабырлы болу керек. Жолдан өтерде бағдаршамның жасыл түсінің жануын күтіп, жаяулар жүретін жолақтан өту керек.
♦ Жаяулардың тек осы жерден өтуі керегін сендер қайдан білдіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, «Жүргіншілер жолы» деген белгі бар және жолға жалпақ ақ жолақ сызылған.
Еңбек
Гербарий жасау үшін әдемі жапырақтарды жинау;
Түскен жапырақтарды ағаш түбіне тырмамен жинау. .
Мақсаты: табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Қ/О: «Бағдаршам».
Мақсаты:
бағдаршам маңызы туралы білімдерін бекіту
- ептіліктерін дамыту.
Жаттығу ойындары Қозғалыстарын дамыту.
Мақсаты: затты қашықтыққа лақтыру дағдыларын дамыту.
Билингвальды компонент: жол-дорога, бағдаршам- светафор, сары –желтый, жасыл-зеленый, қызыл - красный
|
Бақылау: Жыл мезгілінің өзгеруін бақылау
Мақсаты:
Табиғат өзгерістері туралы түсініктерін кеңейту (қырау, суық соғу, күннің қысқаруы, түннің ұзаруы)
Күн туралы білімдерін тиянақтау (күн ашақ, бірақ жылытпайды ).
Бақылау барысы
Көркем сөз А. Сәрсеков
Күзгі ауланың талдары Кейде құйын өтеді
Желмен басын шайқайды Тозаңдатып жан-жақты
Дәурен өтіп жаздағы Кейде құйын кетеді
Күздің желі соғады Доп қылып ап жапырақты
Бейне тентек баладай
Ойран-асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Күз мезгілінің аяқ жағын «күміс күз» деп те атайды. Суларда алғашқы жылтыр мұздар пайда болады. Жерге алғашқы күмістей жылтыраған алғашқы қар ұшқындары түседі. Жердегі жапырақтар үстіне қонған қыраумен күн сәулесінен күмістей жылтырайды. Күзде күн көзі сирек көрінеді, ауа-райы бұлыңғыр, бұлтты болады. Алғашқы қар түседі, ол бірақ еріп кетуі мүмкін
Балаларға сұрақтар:
Қыс алдындағы күндерді қалай атайды? (Күміс күз.)
Неліктен?
Жұмбақ шешу:
Қар да емес, мұз да емес,
Ағаштар күміс жамылған (қырау)
Еңбек:Ауладағы қоқыстарды жинау.
Мақсаты: жасаған жұмыстарынан қанағат алуға тәрбиелеу .
Қ/О:«Бәйге»
Мақсаты:
Бір-біріне соқтықпай жүкіруге жаттықтыру ;
Төзімділікке, ептілікке тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары: Тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Мақсаты: Төбешікке жүкіріп шығу, жүкіріп түсу
Халық болжамы:
Түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды
Ағашты қырау басса аяз болады.
Билингвальды компонент: күміс күз- серебренная осень, қырау-
Мұз-лед
|
Алғашқы қарды бақылау
Мақсаты: табиғат өзгерістерін көре білуге ұйрету, әдемілікті сезіну.
Бақылау барысы.
Көркем сөз «Алғашқы қар» Қ. Ыбыраев
Бейне ақ бұлт қоныпты,
Аулаға қар толыпты.
Атам аңға шығатын,
Нағыз сонар болыпты.
Інім тұрып ертерек:
«Бір – ақ түнде қарашы,
Қар өсіпті жерге» - деп (тәрбиеші өлең мазмұны бойынша әңгіме жүргізеді)
Тәрбиеші сұрақтары:
Алғашқы қар қанша уақыт ерімей жатады? (екі – үш күн)
Ол ұстағанда қандай болып сезіледі? (ылғал)
Алғашқы қар күннің қай мезгілінде жауады? (түнде)
Зерттеу жұмысы:
Қар ұшқынын алақанға қағып алып, оған қарау.
Екі қарды салыстыру.
Қай жердегі қардың тез еритінін анықтау.
Әлі қар ерімеген жерді табу.
Еңбек:
Ағаш түптерін қармен жабу.
Мақсаты: қардың қорғаныштық қасиеті туралы түсініктерін бекіту.
Қимылды ойын:
«Бір, екі, үш - тез жүгір!»
Мақсаты: ептіліктерін, жүгіру жылдамдықтарын дамыту.
Жаттығу ойындары: «Шеңберге түсір».
Мақсаты:
Белгі бойынша әрекет ету дағдыларына жаттықтыру;
Затты нысанаға лақтыра білу әрекеттерін тиянақтау.
Халық болжамы:
Қарашаның қары екі күн жатса – екі ай қыс,
Үш күн жатса – үш ай қыс болады.
Билингвальды компонент: қыс – зима , қар- снег, қараша- ноябрь.
|
Бақылау: Емен ағашын бақылау
Мақсаты: Күзгі емен туралы түсініктерін қалыптастыру,ағаштардың жыл мезгілдеріне қарай бейімделуі туралы түсінік беру.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Білмейтіні жоқ елдің- Өзім де ішіп көргенмін
Дейді әжейім Ішектің емі-қашаннан
Қабығында еменнің Қайнатындысы Еменнің
Қасиеті бар дәрілік. Қабығынан жасалған.
Орманда жасыл еменнен құдыретті де әсем ағаш жоқ. Халық ертегілері мен батырлар жырларында алып емендер тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ол алыптар бейнесінде бейнеленеді. Кәрі еменнің діңі мығым, бұтақтары тарам-тарам болады. Емендер мың жылға дейін өмір сүреде, олар көктемде ең кеш көктейді. Ол өте зор, мықты ағаш болғанмен, қатты аяздарда жарылып кетеді.
Емендер көбіне қайда өседі? (орманда.)
Ал бұл ағаш қайда өсіп тұр? (қалада.)
Қалада тағы қандай ағаштар өседі?
Ағаштар қалаға не үшіни керек? (ағаш жапырақтары ауадағы көмір қышқыл газын бойына сіңіріп оттегін бөліп шығарады..)
Ағаш жапырақтары қай уақытта түседі? (күз айларында.)
Ағаш жапырақтары неге түседі? (ағаштардың қыста көп ылғалды жоғалтпасы үшін)
Емен ағашының адамға қандай пайдасы бар? (құрлысқа, жиһаздар жасауға және емдік қасиеттері бар)
Зерттеу жұмысы
Ауладағы бірнеше ағаш жапырақтарының түстерін салыстыру
Мақсаты: ағаш жапырақтарының түстерінің әртүрлілігін аңғарту
Еңбек
Жерге түскен ағаш жапырақтарын тырмамен жинау және оны тазалау
Мақсаты: ұжыммен жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Қ/О:«Аққу-қаздар».
Мақсаты:берілген тапсырма бойынша жүкіруге жаттықтыру
Жаттығу ойындары Бір аяқпен секіру.
Мақсаты: барынша биік секіруге жене жерге дұрыс түсуге жаттықтыру
Мақал-мәтел
Аяламасаң ағаш та аспандап өспес
Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
|
Бақылау: Жыл мезгілінің өзгеруін бақылау
Мақсаты:
Табиғат өзгерістері туралы түсініктерін кеңейту (қырау, суық соғу, күннің қысқаруы, түннің ұзаруы)
Күн туралы білімдерін тиянақтау (күн ашақ, бірақ жылытпайды ).
Бақылау барысы
Көркем сөз А. Сәрсеков
Күзгі ауланың талдары Кейде құйын өтеді
Желмен басын шайқайды Тозаңдатып жан-жақты
Дәурен өтіп жаздағы Кейде құйын кетеді
Күздің желі соғады Доп қылып ап жапырақты
Бейне тентек баладай
Ойран-асыр салады
Алма бағын жағалай
Алмаларын қағады
Күз мезгілінің аяқ жағын «күміс күз» деп те атайды. Суларда алғашқы жылтыр мұздар пайда болады. Жерге алғашқы күмістей жылтыраған алғашқы қар ұшқындары түседі. Жердегі жапырақтар үстіне қонған қыраумен күн сәулесінен күмістей жылтырайды. Күзде күн көзі сирек көрінеді, ауа-райы бұлыңғыр, бұлтты болады. Алғашқы қар түседі, ол бірақ еріп кетуі мүмкін
Балаларға сұрақтар:
Қыс алдындағы күндерді қалай атайды? (Күміс күз.)
Неліктен?
Жұмбақ шешу:
Қар да емес, мұз да емес,
Ағаштар күміс жамылған (қырау)
Еңбек:Ауладағы қоқыстарды жинау.
Мақсаты: жасаған жұмыстарынан қанағат алуға тәрбиелеу .
Қ/О:«Бәйге»
Мақсаты:
Бір-біріне соқтықпай жүкіруге жаттықтыру ;
Төзімділікке, ептілікке тәрбиелеу.
Жаттығу ойындары: Тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Мақсаты: Төбешікке жүкіріп шығу, жүкіріп түсу
Халық болжамы:
Түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды
Ағашты қырау басса аяз болады.
Блингвальды компонент: ағаш-дерево, түн-ночь, тәрбие-воспитание
|