Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақта»
Мақсаты: Балаларды бағдаршамның түстерінің белгісі арқылы жолдан өте алуға үйрету.
|
Дене шынықтыру
(маманның жоспары бойынша)
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жазық даладағы қала
Мақсаты: Қабілетті,есте сақтауды,сөздерге дыбыстық талдау жасай білуді дамыту.Кішіпейілділікке,әңгімелеушіге мұқияттылықпен зер салуға тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Торғайлар қуанышы» өлең
Мақсаты: Өлеңді мұқият тыңдап, ырғақтылықты сезініп, өз дауысын басқара білуге үйрету
Музыка
(маманның жоспары бойынша)
Математика негіздері
Екі геометриялық пішінді –шаршы мен тіктөртбұрышты салыстыру.Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, жыл мезгілдерін айлары бойынша атау білімдерін нақтылау.Логикалық ойлауын,танымдық қызығушылығын дамыту.
Қазақ тілі
Тақырыбы: Байланыстырып сөйлеу:
қарапайым сұрақтар қойып, оларға жай сөйлемдер арқылы жауап беруге үйрету. (аты-жөні, тегі, жасы), отбасы туралы қысқаша әңгімелеуге үйрету.(Бұл менің анам.Анамның аты...... т.б.)
|
Сауат ашу негіздері
Мақсаты: Дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың айырмашылықтары туралы білімдерін нақтылау.
«қ» дыбысының айтылу және дыбысталуымен таныстыру, жазылымдағы Қ қ әріпінің ерекшеліктерін көрсету.
Сөздегі «қ» дыбысын табу, ұсынылған дыбысқа сөздер құрастыру, сөздегі дыбыстың орнын анықтауға, үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Көру және зейін қабілетін дамыту.
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: : «Жолда жүру ережесін сақта»
Мақсаты: Балаларды бағдаршамның түстерінің белгісі арқылы жолдан өте алуға үйрету.
Сурет салу
Тақырыбы: Менің үйім
Мақсаты: Параллель, вертикаль ,горизанталь сызықтарды сызып үйрену арқылы тұрғын үйлерді бейнелеуге үйрету.Көзбен шамалауды, ұолдың бұлшық еттерін дамыту, жан – жағымызды заттардың геометриялық пішіндерін тану.
|
Екінші таңғы ас
|
Гигиеналық процедуралар: бет жуу дағдыларын үйретуді және жеке сүлгіні қолдануды жалғастыру. Тәуелсіздік таныту. Балаларды кезекшінің міндеттерін өз бетінше және адал орындауға үйрету (ас құралдарын, майлықтарды төсеу) (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары, еңбек дағдылары) (кезекшілік). Балалардың назарын тағамға аудару, балалардың дастархан басында дұрыс тұруын қадағалау, тіке отыру, алаңдамау (қарым-қатынас дағдылары).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |