Еңбек қызметі
Балабақша ауласындағы бұтақтар мен тастардан тазарту.
Мақсаты: бірлесіп жұмыс істеуге үйретуді жалғастыру, орындалған жұмыстан қуаныш алу. (еңбек әрекеті)
Қимылды ойын: «Батпырауық пен тауық»
Мақсаты: тәрбиешінің командаларын тыңдауға үйрету, зейінді дамыту.
«Жел»
Мақсаты: табиғаттағы байланыстар туралы түсініктерді бекіту; тәрбиешінің командаларын мұқият тыңдауға үйрету. (дене шынықтыру – дене белсенділігі)
Жеке жұмыс: доппен жаттығу.
Мақсаты: допты екі қолымен ұстап, жерге лақтыруды жалғастыру.
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен шешінуі, жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
|
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы: ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз күлмейміз.
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту-қарым-қатынас іс-әрекеті)
Ас ішіп болғаннан соң бата айтуға қалыптастыру.
Асқа байлық,
Денге саулық болсын, Әумин! Рақмет апайлар! (мәдени дағдылар)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |