(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекет) Зерттеу қызметі - Үлкен және кіші қалыптардағы таза және боялған судың қату уақытын салыстыр.
- Қардың еру жылдамдығын салыстыр, стақанға тығыз немесе бос.
-Қардың сыртта күн салқындығынан еримейтінің, ал ішке кіргенде ауа температурасы жылы болғандықтан еритінін көрсету.
-Қар еріген кезде суға айналатының көрсету.
- Салқын жерге қойған кезде мұзға айналатының көрсету.
Еңбек қызметі Топ ішінде өсетін өсімдіктерге күтім жасау.
Мақсаты: табиғатта еңбекке деген қызығушылықты, экологиялық сананы қалыптастыру.
Қимылды ойындар: «Арықтағы Қасқыр», «Тышқан қақпаны» Мақсаты: белгі бойынша арықтан секіруге және кері секіруге үйрету; жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті дамыту.
Жеке жұмыс: Өрмелеу. Мақсаты: қозғалыстарды үйлестіруді дамыту; батылдыққа, шешімділікке тәрбиелеу.
Серуендеу картотека №40 Бұршақты бақылау. Мақсаты: Бұршақ, домалақ ақ түсті болатыны туралы түсінік беру.
Жұмбақ Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып - жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай - ақ.Бұршақ (Көркем әдебиет-қарым-қатынас іс-әрекеті) Бұршақ-ірілі-ұсақ түйіршік мұз түрінде жауатын атмосфералық жауын-шашын. Жылдың жылы мезгілінде найзағай мен нөсер жаңбыр кезінде бірге түседі. Бұршақ мұз түйіршіктері ауаның тік бағыттағы өте күшті қозғалысы кезінде қалыптасады. Қатты жауған бұршақ шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді.
(Сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру-қарым-қатынас, танымдық іс-әрекет) Еңбек: Ағаш түптеріне қар үю.
Мақсаты: Үйілген қардың маңызын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке,
ұқыптылыққа үйрету.
Қимылды ойын: «Торғайлар».
Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Тез шешім қабылдауға үйрету.