Балалардың реттілікпен шешінуі, жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
Түскі ас
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы: ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз күлмейміз.
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту-қарым-қатынас іс-әрекеті) Ас ішіп болғаннан соң бата айтуға қалыптастыру.
Асқа байлық,
Денге саулық болсын, Әумин! Рақмет апайлар! (мәдени дағдылар)
Күндізгі ұйқы
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру. Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту). Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайлы баяу музыка тыңдау. Ұйықтайтын уақыт келді,
Ойыншықтарды жинаңдар.
Жалқау болмау керек,
Ұйықтар алдында сумен жуын.
Шешінуді ұмытпаймыз,
Пижаманы киеміз..
Ақырын, асықпаңыз!
Киімдерді бір-біріне бүктеңіз.
Төсекке тез жатуың керек,
Және өте жақсы болады.
Барлығына: «Қайырлы күн!»
Көзімізді жұмамыз.
Ертегіні тыңдаймз,
Бірақ көздер жыпылықтамайды.
Ал ол жақсы ұйықтайды! (көркем әрекет-қарым-қатынас іс-әрекеті)