(Дене шынықтыру – дене қозғалысы)
Жеке жұмыс: Қысқа байланысты жұмбақтар жаттату.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар).
Мақсаты: Тілдік қорын дамыту, ойлау қабілетін арттыру. Балаға грамматикалық дұрыс сөйлеу үлгілерін беру. Әдемі де әсерлі сөйлеуге үйрету.
Серуеннен оралу
|
Балалардың реттілікпен шешінуі, жұмбақтар шешу, өлеңдер, әндер жаңылтпаштар, санамақтар және т.б. жаттау (көркем әрекет, дербес ойын әрекеті).
|
Түскі ас
|
Гигиеналық шаралар:Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу көркем сөз қолдану:
«Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолыңды жу»
Кезекшілердің жұмысы: ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу, дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану, сөйлеспеу, алғыс айту) (мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Ереже:
Тамақ ішер кезде енді,
Сөйлемейміз күлмейміз.
Астан басқа өзгені,
Елемейміз, білмейміз. (сөйлеуді дамыту-қарым-қатынас іс-әрекеті)
Ас ішіп болғаннан соң бата айтуға қалыптастыру.
Асқа байлық,
Денге саулық болсын, Әумин! Рақмет апайлар! (мәдени дағдылар)
|
Күндізгі ұйқы
|
Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту).
|
Достарыңызбен бөлісу: |