Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет22/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Ата –аналарға кеңес
Егер Сіздің балаңыз көпшіл, өз-жақындарыңыз бен бірге бөтен адамдарды жатырқамаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейрімді болса мектепке келген күннен бастап – ақ үйреніп кететіне сеніңіз.


Ата –аналарға кеңес
- баламен жағымды эмоционалдық жағдайлар жасау қажет, ол көбіне ата – ана жағынан болуы қажет, мектеп туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп балаңызды сүйіп, аймалап, жиі оған өз мейіріміңізді көрсетіңіз. Балаңыздың көзінше мектеп туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз.



























Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Білім беру ұйымы Чапаев негізгі орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбы
Балалардың жасы 5 жас
Жоспардың құрылу кезеңі 1-апта 17 - 21 қазан 2022-2023 оқу жылы


Күн тәртібі

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі



Бейсенбі

Жұма




Балаларды қабылдау

Мұғалімнің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату




Пж ойын: «Кім көп сөз айтады?»
Шарты: Педагогтың артынан бірнеше сөзді қайталап айтады

Еркін ойын: « Бұл үйде кімдер тұрады?»
Шарты: Қуыршақтарымен үй жасап ойнайды

Құрылымдалған ойын: «Орнын тап»
Шарты: Жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табады



Еркін ойын: «Бауын байла»
Шарты: Фетрдан жасалған аяқ киімдердің бауын байлап ойнайды.

Еркін ойын: «Ертегілер елінде»
Шарты: Саусақ театр арқылы ойнайды






Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың тазалығы жөнінде кеңес беру



Ата-аналармен әңгіме:Ата- аналарға балаларын ертеңгілік жаттығуға үлгертіп алып келулерін ескерту.



Ата-аналармен әңгіме:
Балалардың жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретініңізді сездіріңіз.

Ата-аналармен әңгіме:
Ата-аналарға балаларды тамақтарын тауысып жеуге үйретулерін ескерту.

Ата –аналармен әңгіме: «Дұрыс тамақтануға баулу»

























Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Шығармашылық ойыны:
Фотосуреттер қарастыру Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»
Фотосуретте балалар қандай көмек көрсеткендерің айтып беру.

Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ.
1.Бірім, екім,
Алма текім.
Сапар айым,
Сар шымшық.
Балтаңды ал да,
Жүгіріп шық.
2.Біз санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы,
Балан үйрек жалғасы.

Суретті жұмбақтар ойыны :
Балалардың арасынан бір бастаушы таңдалады, қалғандары отырады. Мұғалім үлкен қораптан кішкентай неше түрлі суреттері бар карточкаларды бір-бірден алып шығып, суреттегі бейнені сөзбен сипаттап жасыруды ұсынады.
Бастаушы суретті карточканы алып, балаларға көрсетпей, ондағы бейнені, затты сипаттап, суреттейді. Балалар түрлі жауаптар айтып, не бейнеленгенін тауып алу керек.
Дұрыс жауапты айтқан бала ойынды жалғастырады.

Саусақ ойыны :
«Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі»
Балалармен жәндіктер мен қосмекенділер туралы әңгімелесу.



Үстел үсті театр ойыны : «Қосмекенділер әлемі» тақырыптар бойынша сюжетті суреттер қарастыру.
Балалармен құстар туралы әңгімелесу.






Таңертеңгі жаттығу



Таңертеңгілік жаттығулар кешені (қозғалыс белсенділігі, ойын әрекеті). тұру, жүру, жүгіру, жалпы дамыту және тыныс алу жаттығулары






Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық

«Психомоторлық жаттығу»
Көздеріңді ашыңдар,
Кірпіктеріңді көтеріңдер.
Беттеріңді жеңіл қимылмен сипаңдар,
Бір - біріңе жымиыңдар,
Бастарыңды оңға, солға бұрылыңдар,
Ауаны жұтыңдар, содан соң жіберіңдер.

«Психомоторлық жаттығу»
«Күлімдеген күн»
Күн күлімдеп нұр төкті,
Жақсы сөздер нұр септі,
Еске сақтап кеңесті,
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге..



«Психомоторлық жаттығу»
«Табиғатпен үндестік»
Шеңбер бойлап жүремiз,
Әр гүлге көңiл бөлемiз.
Сұлулық пеп махаббатты
Сезiнiп өмiр сүремiз.

«Психомоторлық жаттығу»
«Біз әдепті баламыз»
Әдеп сақтап әманда,
Әрбiр адал адамға.
Жасасаң бiр қамқорлық,
Қайтарады саған да.

«Психомоторлық жаттығу»
Көңілденіп күленіп,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын,
Мен ақылды баламын.













Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет



1 - ұйымдастырылған іс-әрекет




Сауат ашу негіздері
Тақырыбы. Ұяң дауыссыз дыбыстар
Мақсаты ұяң дауыссыз дыбыстар туралы білімді меңгерту.


«Дыбыс бер» дидактикалық жаттығуы
– Мен сендерге сөздер айтамын, ұяң дауыстыдан басталған сөзді естісеңдер, қол шапалақтайсыңдар. – Парта, балық, вагон, сəбіз, тарақ, доп, жалау, шырша, таға, домбыра, гүл, бəтеңке. «Сөзге ұяң дауыссыздан басталатын сөзді қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер мағынасы бойынша келетін, ұяң дауыссыз дыбыстан басталатын сөзді жалғап айтуларың керек. Мысалы: үстел ...(биік), қоян ... (жүйрік), сағат ... (домалақ), қызыл ...(доп), ала ...(жолбарыс), ақ-қара ... (жолақ), əдемі ... (гүл), ұзын ... (вагон), бақылдауық ... (бақа), білімді ... (ғалым), жайылып жүр ... (жылқы), күмбірлеген ...(домбыра), желбірейді ...(жалау), зымыран ... (ұшты), əдемі ... (зырылдауық) т.б

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы Күзгі жапырақтар
Мақсаты: , Дауысты дыбыстардың дыбысталуындағы ерекшеліктерді түсіндіру


Күзгі жапырақтар Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырықық.
Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап



Сауат ашу негіздері
Тақырыбы. Үнді дауыссыз дыбыстар
Мақсаты:- үнді дауыссыз дыбыстар туралы білімді меңгерту.

«Сөзге үнді дыбыстан басталатын сөз қос» дидактикалық жаттығуы – Мен сендерге бірінші сөзді айтамын, ал сендер сол сөзге мазмұны сəйкес келетін, үнді дауыссыз дыбыстардан басталатын сөз жалғауларың керек. Мысалы: сүйкімді ... (мысық), жүйрік ... (лақ), дəмді ... (нан), əдемі ... (раушан), дəмді ... (рауғаш), қағаз ... (умаждалған), атам ... (риза), бала ... (малтыды), ақылды ... (мұғалім), үлкен ... (үй), əкем ... (риза), киіз үйдің (уығы), ... жайылды (мал)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет