Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет43/48
Дата28.11.2023
өлшемі3,35 Mb.
#130886
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
цикло қазан 22-23 ж

Музыка
Тақырыбы «Сабантойды тойлаймыз»
Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, әннің мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту


Музыка тыңдау:
«Тойбастар» күйі (Д. Нұрпейісова)
Ән айту:
«Сабантой» (Е. Хасанғалиев)
«Жау, жау, жаңбыр» (К. Дүйсекеев)
Музыкалық-ырғақтық қимылдар:
«Марш» (Е. Андосов)
Билер: «Көңілді қолшатырлар биі (педагогтің таңдауымен)
Ойындар, хороводтар:
«Теңге алу» қазақтың ұлттық ойыны («Адай» Құрманғазы, үнтаспадан)



Дене шынықтыру
Тақырыбы «Менің отбасым»
Мақсаты Допты сапта тұрып кеуде тұсынан алысқа лақтыруға үйрету, күш секілді дене сапасын дамыту


Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кім жылдам?» ( 5 рет).
Төрт бағыттаушыны таңдап, оларға әртүрлі түсті орамал үлестіреді. Төрт тізбекке
бағыттаушылардың (командирлердің) артында тұрады. Белгі бойынша көздерін жұмады. Бағыттаушы педагогтің көрсеткен жеріне барып тұрады да, орамалды көтереді.
Ойыншылар өз бағыттаушыларын іздеп табады да оның артына тізбекке тұрады.

Дене шынықтыру
Тақырыбы «Менің үйім»
Мақсаты - Допты сапта тұрып кеуде тұсынан алысқа лақтыруға жаттықтыруды
жалғастыру, допты алдыға, жоғары лақтыра білу шеберліктерін (машықтарын) дамыту


Саусақ гимнастикасы: «Менің үйім»
«Тау басындағы үйді көріп тұрмын (алақандарыңды қосып, үй жасаңдар), оның айналасы жап-жасыл (қолдарыңмен толқын тәрізді қимылдар жасаңдар).
Мынау – ағаш, мынау – бұталар (ағаш пен бұталарды бейнелеңдер). Мынау – хош иісті гүлдер (алақандарыңмен гүлдің қауызын жасаңдар). Үй қоршаумен қоршалған (ауада саусақтарымен ирек сызықтар сызады).
Аула іші тап-таза (ауаны сипалаңдар), қақпаны ашамыз (қақпаны ашқан тәрізді бейнелейді).
Үйге қарай жүгіреміз (саусақтар «жүгірді»), есікті қағамыз: (жұдырықпен): түк-түк-түк. Есікке кім жақындап келе жатыр? (Алақанға құлақтарын тосады), Біз қонаққа келдік, көп базарлық әкелдік (қолды алдыға созып, бір нәрсе әкеле жатқандай бейнелеңдер)».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет