Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп, қол бастарын айқстырады. Кім білекті столға жықса, сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2 білектен тартысып сынасуға да болады. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады.
Арқан тарту
Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады.
Қай топ арқанды өз жағына тартып алып келсе, сол топ жеңіске жетеді.
Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.
Сақина жасыру
Ойынды бастаушы және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала
алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен «Сақина кімде» - деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе, сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе, ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Қуыр-қуыр қуырмаш
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды. Содан соң екінші балаға:
Ортаңғы саусағымды тапшы, - дейді. Екінші балаға қарап байқап отырады да, міне, - деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады. Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
Бас бармақтан бастап шынашаққа дейін, саусақтардың атын түгел атап береді: бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады. Тағы да бас бармағыннан бастап, былай деп 5 саусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар. Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды
Қуыр-қуыр, қуырмаш Балапанға бидай шаш Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып, баланың алақанын қытықтайды.
Осыдан соң:
Мына жерде қой бар Мына жерде жылқы бар Мына жерде түлкі бар
деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп, ең соңында мына жерде күлкі бар – деп қытықтайды.