Шаттық шеңбер
«Таңғы тілек» балалардың бір біріне жақсы тілек айтуын қалыптастыру. Жаңа сөздер ендіру.
Өзін мәдениетті ұстау, әдепті және сабырлы болуды үйрету. (Қарым-қатынас іс-әрекеті) Балалардың сезінген әсерлерімен бөлісуді ұйымдастырып, жаңалықтарды білуге ынталандыру.
Көктем туралы не біледі? Көктемгі киім түрлері қандай ? Көктемгі еңбек туралы не біледі және не білгісі келетінін сұрау және бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылату, қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған іс әрекет түрін таңдату, ережелер туралы келісу және т. б.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
Сөйлеуді дамыту Сурет бойынша әңгіме. Көктемнің суретінен не көріп тұр? Қыстың суретінде не көріп тұр. Айырмашылықтарын атату. Сөйлеуде интонациялық мәнерлілік құралдарын қолдану: дауыс қарқынын, логикалық үзіліс пен екпінді реттеуді үйрету
Дене шынықтыру маманының жоспары бойынша
Математика негіздері Карточкалар арқылы көктем және қыс мезгілінде қолданылатын заттарды бөлгізу. Оларды топтастырып жиын жасату. Қай заттан жиын шықпайтынын анықтату. «Бір» сөзінің мағынасы, ол тек бір затты ғана емес, сондай-ақ жиынның бір бөлігі ретінде заттардың тобын білдіретінін түсіндіру.
Тік және көлбеу таяқшаларды
дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Қоршаған ортамен таныстыру Үй жануарлары туралы мультфильм тамашалату. Бақылау арқылы төрт түліктің пайдасын білу, оларды күтіп-баптау, жылдың әр мезгілінде олардың сыртқы түрі мен тіршілік ету ерекшеліктерін сипаттау дағдысын қалыптастыру. Дидактикалық ойын «Үй жануарын тап» ғажайып қоржынға қолын салып, сипап сезу арқылы танып айтқызу.
Көркем әдебиет Шешендікке, сөз өнеріне баулу. Мнемокесте арқылы жаттату. Мағынасын түсіндіру. Қай кезде қолданатындарын сұрау.