Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(Танымдық, қарым -қатынас іс-әрекеті)



бет18/33
Дата22.05.2023
өлшемі143,38 Kb.
#95891
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
(Танымдық, қарым -қатынас іс-әрекеті)



Таңертенгі жаттығу

Сәуір айына арналған таңертеңгі жаттығуларды орындау (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті). Таңертеңгі жаттығуды орындауға қызығушылық тудыру, дене бітімін қалыптастыру және өкшелерді нығайту.

Таңғы ас

Таңғы ас алдында қолдарын сумен сабындап жуу мәдениетін қалыптастыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)
Өз орнын тауып отыру. Бір біріне астың дәмді болуын тілеу. Таза және ұқыпты тамақтануды, қасықты дұрыс ұстауды, тамақтанған кезінде ауызын жауып отырып, асықпай әбден шайнауды үйрету. Тамақтанып болғаннан кейін алғыс айту, ас қайыру. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған іс-әрекетке
дайындық

Шаттық шеңбері. Жүректен жүрекке жақсы тілектер бір біріне тілеу.
Жаңалықтарымен бөлісу. «Жер ана» тақырыбында әңгімелесу. Бірлескен жоспарларды, мәселелерді талқылау, қызығушылықтары бойынша әрекет түрін таңдау, ережелер туралы келісу және т. б. (сөйлеуді дамыту)

Ұйымдастырылған
іс-әрекеттер

Сөйлеуді дамыту
Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту.Педагогтың еөрсеткен суретке қарап сөздің дыбысталуын ажырат уды үйрету.
Музыка
маманының жоспары бойынша


Қазақ тілі
Балалардың қоршаған ортаға өзінің қарым-қатынасын білдіруге, ауызекі сөйлеуде мақал-мәтелдерді, көркем сөздерді қолдануына қолдау көрсету, ынталандыру. «Жер анаға құрметті қалай көрсетеміз» тақырыбында сурет бойынша әңгіме.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Туған жердің торғайы да сүйкімді. Мақалдарын жаттату.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет