Музыка маманының жоспары бойынша Математика негіздері Жемістер мен жидектерді беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыруды қалыптастыру.
Тік және көлбеу
сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Көркем әдебиет Интонациясы бойынша сөйлемдерді (хабарлы, сұраулы, лепті) ажыратып, сөйлегенде қолдана білуді дамыту. Балаларға суреттерге қарап интонация белгілерін таңдатып, соған қарай сөйлем құрап айтуын үйымдастыру.
Сауат ашу негіздері Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасай алатындарын сұрау. Өздерінің таңдауы бойынша сөздегі дыбыстардың ретін, дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтату
Жеміс-жидектердің дайын суреттерінің сыртын шетке шығармай бастыру, бояу дағдыларын жетілдіру
Көркем әдебиет Күшік пен қасқыр ертегісін қолғап театры арқылы айтып беру. Белгілі образды сомдауда эксперимент жасауға, түрлендіруге мүмкіндік беру
Математика негіздері Топтан ағаш пен пластмасстан жасалған заттарды жинап, беттестіру, тұстастыру және жұппен салыстыру тәсілдерін қолдана отырып, заттарды салыстыруды қалыптастыру.
Тік және көлбеу
сызықтарды дәптердің тор көзінде сызуға үйрету.
Көркем әдебиет Сюжетті таңдауда бастамашылық пен дербестік танытуға ынталандыру. Өздеріне ұнайтын ертегілерді сахналату.
Дене шынықтыру маманының жоспары бойынша
Қоршаған ортамен таныстыру Жоспарланған нәтижеге жетуге, өзі мен құрдастарының еңбегінің, шығармашылық әрекеттерінің нәтижелерін бағалауға және құрметпен қарауға, кішілерге көмек көрсетуге, қажет болған жағдайда оларға жүгінуге баулу. Сюжетті рөлді ойындар ойнау арқылы көрсету.