Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(Қарым-қатынас іс-әрекеті)



бет5/33
Дата22.05.2023
өлшемі143,38 Kb.
#95891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
мад тобы сәуір циклограмма

(Қарым-қатынас іс-әрекеті)

Қарапайым экологиялық ұғымдарды, адамның табиғаттың бір бөлігі екенін және оны қорғау, сақтау керек екенін, күн мен ауаның адам, жануарлар мен өсімдіктер өміріндегі маңызы туралы, табиғатпен қарым-қатынас барысында денсаулықты нығайтуды, табиғатты сақтауда жауапкершілікті сезіне білуін дамыту.
(танымдық іс-әрекеті)

Еркін ойындар


Қимылды ойын «Мысық пен тышқан»
Құмда еркін тақырыпта суреттер салғызу.
(бейнелеу іс-әрекеті)



Серуеннен оралу

Жүйелі түрде шешіну, шкафтарға бүктеу, қолды жуу. Шешіну кезінде балалардың шкафқа колготки,сырт киімді салу дағдысын пысықтау. Балалардың достарынан көмек сұрауды сыпайы түрде білдіруді үйрету. Сабын ыдысынан сабын алуға, ересектердің көмегімен қолды сабындауға үйрету. (дербес әрекет, еңбек әрекеті).



Түскі ас

Түскі ас алдында гигеналық шараларды орындау: қолды дұрыс жуу, өз орамалының орнын білу, қолды дұрыс сүрту, орамалды ілу. Гигиеналық шараларды жүргізуде балалардың өзара көмегін қолдау. Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру.
Кезекшілердің жұмысы (асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою)
Тамақтану (өз орнын білу,дұрыс отыру, асхана құралдарын дұрыс ұстай білу, ұқыпты тамақтану , тамақтану кезінде сөйлеспеу, алғыс айту)
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жеке гигиена ережелерін орындауда өзін-өзі бақылауды дамыту: дененің тазалығын бақылау, қол-аяғын жуу, тамақтанғаннан кейін ауызды шаю, қол орамалды пайдалану дағдыларын жетілдіру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет