Сабақ тақырыбы: Ұлттың болашағы-халықтың демографиялық өсуінде.
Мақсатың: 1.Мәтіндегі ақпаратты өмірмен байланыстыру; 2. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің қалай жасалатынын түсіндіру; 3. Салалас құрмалас сөйлемдерді ажырату, қолдана алу 1-тапсырма. Сұраққа жауап беріп көріңіз
Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады, олар туралы қандай мәлімет білесіз?
Қазақстанның демографиясына әсері бар ма?
Жауап берсең, жарайсың!
2-тапсырма. Оқулық соңындағы 13-аудиомәтінді тыңдайық(оқиық)
Сұрақтарға жауап берейік
1.Кейіпкер кім?
2.Ұстанымы қандай?
3.Жас отбасы уәжі қандай?
4.Кейіпкердің пікірінше көп балалалы отбасында өскен балалар қандай болады?
5.Өз айналаңда көпбалалы отбасы бар ма? Қандай артықшылығы мен кемшілігі бар?
6.Балаға қатысты қандай нақыл сөз айтылды? Оны қалай түсіндің?
Бағалау: -өмірмен байланыстырады
-Артықшылығын дәлелмен көрсетеді
-Кемшілігін дәлелмен көрсетеді
-ойын толымды сөйлемдермен, анық жеткізеді
-сұрақтардың барлығына жауап беруге белсенді қатысады
3-тапсырма. Түсіндірмелі салалас құрмалас туралы мәтінді оқыңыз, ең негізгі есте сақтау керек ақпарат қайсы, сүзіп ал. Неге екенін түсіндір. Төмендегі сөйлемдерге талдау жасайық. Алғашқы жай сөйлемде айтылған іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейінгі жай сөйлемде сараланып, түсіндіріліп, ашылып отыратын кұрмалас сөйлем түрін түсіндірмелі салалас құрмалас дейміз. Түсіндірмелі салалас сөйлемнін басты ерекшелігі — оның компоненттерінін (құрамындағы жай сөйлемдері)жалғаулықсыз байланысып отыратындығында. Түсіндірмелі салалас сөйлемнін бірінші компонентінің баяндауышы ретінде сол, соншама, соншалық, сондай сияқты есімдіктер мен үстеу сөздер қызмет етіп, екі жай сөйлемді құрмаластырып тұрады.
2)Қасқырлардың құтырғаны сондай, ауыл арасына келуге дейін барды.
3)Азаматтың шарашағаны сондай, кешкі асын ішуге шамасы жетпей ұйықтап қалыпты.
4)Мәриямнің баласын сағынғаны сондай, әскерден келген баласын ұзақ құшақтап тұрды.
5)Жолдың ұзақтығы сондай, жүргіншілер жолда екі рет аялдап, дем алуға мәжбүр болды.
Бағалау Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалуын түсіндіреді
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерге талдау жасайды