Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)



бет12/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

"Аурухана" сюжетті-рөлдік ойыны.
Мақсат-міндеттер: дәрігер еңбегі жайында ойын арқылы ұғымдарды қалыптастыру, жетілдіру; коммуникативті қабілеттерді дамыту.
Рөлдерді бөлу, алмастырғыш заттарды қолдана білу, ойынның логикалық қорытындысына жету.
Құралдары: ойынға қажетті ойын құралдары, киімдер.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)


"Сиқыршы су туралы" әңгімелесу.
Мақсат-міндеттер: судың өміріміздегі маңызы туралы айту, судың қай жерде, қандай күйде болатындығын көрсету, су күйінің әртүрлілігі туралы айту.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

"Тышқанға қонаққа барамыз" ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың құм және судың қасиеттері туралы білімдерін бекіту. Негізгі түстерді танып, атай білу қабілеттерін қалыптастыру. Жалпы және ұсақ қол моторикаларын дамыту. Қарапайым зерттеу қызметіне деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
Құрал-жабдықтары: құм-су, кілемше, қозғалмалы тышқан, бала саны бойынша кішкентай тышқандар, түрлі түсті қорапшалар, салғыштары бар бөшкешелер, өріктің сүйектері, ақ және қызыл асбұршақтың дәндері, үрме бұршақ, күнбағыс дәндері (пістелер), кішкентай тәрелкелер, қызыл және көк тегештер.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Балалармен жеке жұмыс

Көркем сөзді мәнерлеп оқу жаттығулары.
Мақсат-міндеттер: балалардың көркем сөз үлгілерін мәнерлеп оқуға машықтандыру; сөйлеу мәнерін жетілдіру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көркем сөз.
Су жайында білесің бе?
Су болады барлық жерде!
Көлшіктерде, теңізде,
Мұхиттар мен көлдерде,
Тіпті, өз үйімізде,
Су ағатын шүмекте!

Шатырдан ағып мұз болар,


Тұман боп жер бетін басар.
Шәйнек қайнап кеткенде,
Бу болып одан шығар.
Су болмаса шөлдейміз,
Тамақ ішіп, жемейміз.
Денемізді жуа алмай,
Кір - кір болып жүреміз.
Сусыз өмір жоқ мүлде,
Соны достым білдің бе?!
Тусипжанова-Шагирова А.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет