Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырмалар



бет9/14
Дата05.06.2023
өлшемі31,74 Kb.
#98797
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
3апта кіші топ

Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырмалар. Үлескені сыпырып, орындықтарды сүрту.
Мақсат-міндеттер: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
"Сарқырамалар" атты сумен ойындар.
Мақсат-міндеттер: зияткерлік қабілеттері негіздерін қалыптастыру.
Үлкен тегенеге су құйып, балалардың қолдарына суқұйғыштар, пластик ыдыстар, стакандар сияқты кез келген балаларға ыңғайлы бір ыдыстан бір ыдысқа су құюға болатын ыдыстар беру.
Балаларға бір тостағаннан екіншісіне су құю әдісін көрсетіп, биіктігін өзгерте отырып, көңілді және шулы сарқырама жасау;

Судың қасиеттерін бақылау. (қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
Мақсат-міндеттер: судың қасиеттері жайындағы түсініктерін жетілдіру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Су күннің көзінде тұрып, жылынады.
Сумен өсімдіктерді суғарады, құстар көлшіктерден су ішеді.
Су тап-таза, мөлдір болады.
Су құйылады, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады.
"Аққу-қаздар" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: белгі бойынша бір бағытта жүгіруге дағдыландыру; ойын желісіндегі айталатын сөздерді мұқият тыңдауға баулу.
Жүргізуші қасқыр таңдалады, алаңның ортасында тұрады. Балалар қасқырдан 5-10 қадам қашықтықта бір қатарға тұрып өлең оқиды: «Қаздар-қаздар, ға ға ға, қарның аш па? Иә, иә, иә! Онда, үйге ұшыңдар. Тау астында сұр қасқыр, тіс қайрап, су ішуде, бізді өткізбейді үйге. Ұшар кезде байқаңдар, қасқырға ұсталып қалмаңдар!»
Осы сөздерден кейін барлық балалар екінші жағына қарай жүгіреді, ал қасқыр ұстап алуға тырысады. Ұсталған қасқырға айналады.
"Екі көңілді қаз" қимыл-қозғалыс ойыны. (дене шынықтыру)
Мақсат-міндеттер: еліктеу қимылдарын орындау біліктіліктерін қалыптастыру; үй қаздары жайындағы ұғымдарды тиянақтау.
"Екі көңілді қаз". (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, дене шынықтыру)
Екі қаздай жүрейік,
Мойындарды созайық. (Бірінен бірі соң бір бағанда, мойынды созып жүру, екі қолды көтеріп, түсіріп, екі санның жағына соққылау)
Қаздар дейді: Ға-ға-ға!
Барайық біз базарға! (Сөздерді қайталап жүру)
Базарға баруға болмайды,
Шығыңдар көгалға! (Бағаннан шығып, алаңға шашырап жүгіру, шоқайып отыру, қолдармен тізені соққылау)
Ахметова Д.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет