Сурет салудан ойын-жаттығу "Сиқырлы тамшылар"
Мақсат-міндеттер: Мақта таяқшаларымен жаңбырдың суретін салуды, оның ерекшелігін бере отырып (қатты жаңбыр – көп тамшылар; себелеген жаңбыр – бірнеше тамшы) бүкіл парақ бетінде орналастырып, нүкте «түрту» әдісі арқылы салуды үйрету; көк, көгілдір түстері жайлы қарапайым ақпарат беру; негізгі түстер туралы білімдерін бекіту; ұқыптылыққа,өзара көмекке тәрбиелеу.
Музыкадан ойын-жаттығу "Күн, ауа және су"
Мақсат-міндеттер: Көңілді әуен арқылы көңіл күйді сыйлай білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту. Балаларды достыққа, бірлікке,татулыққа тәрбиелеу.
Серуенге дайындық
Балаларға өз киімдерін тануды, атауды, өз шкафын таңбалауыш арқылы табуды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)
Серуен
Гүлзардағы гүлдерді бақылау. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру) Мақсат-міндеттер: гүлзардағы гүлдерді қарастыру барысында өсімдіктерге деген қамқорлық , жанашырлық сезімдеріне баулу.
"Өз үйіңді тап" ойыны. Мақсат-міндеттер: гүлдердің түсін ажырата білуге үйрету, шашырап жүгіру дағдыларын бекіту.
Еңбекке баулу мақсатындағы тапсырмалар. Гүлдерді суғару.
Мақсат-міндеттер: гүлдерге ересектермен бірге күтім жасауға деген ниетке баулу.
Түзу жол бойымен (ені 20 см, ұзындығы 2-3 м) жүруге жаттықтыру.
Құм-су ойындары - құрғақ және дымқыл құмның қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыруға жағдай туғызу.
"Қуыршақ Данаға түскі ас әзірлейміз" сюжетті-рөлдік ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды бірге ойнауға үйрету.