Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық
|
Жанды және жансыз табиғат жайлы әңгімелесу.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
"Дене мүшелері" жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың дене мүшелері туралы түсініктерін тиянақтау; мәтінді ырғаққа сай айта жүріп, қимылдарды орындауға машықтандыру.
|
"Қызғалдақтай саусақтар" саусақ жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: көркем сөзді мәнерлеп айтуға дағдыландыру; ұсақ қол моторикасын дамыту.
Қызғалдақтай саусақтар,
Өсіп тұр қатар-қатар. (Саусақтарды жыбырлату)
(сөйлеуді дамыту, дене шынықтыру)
|
"Неге солай?" ойын-жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балаларды белгілі оқиғаның, құбылыстың не себептен болғанын тануға, түсіндіруге дағдыландыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Құралдары: жыл мезгілдері туралы суреттер.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
|
"Жыл мезгілдері" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың жыл мезгілдері жайлы білімдерін бекіту, мезгілдік өзгерістерді талқылау.
Құралдары: жыл мезгілдері туралы суреттер.
(қоршаған ортамен таныстыру, сөйлеуді дамыту)
|
"Жау, жау, жаңбыр!" сөзді-ырғақты жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: жаңбыр туралы түсініктерді тиянақтау; көркем сөзді мәнерлеп, ырғақпен айтуға машықтандыру.
Жау, жау, жаңбыр, селдетіп,
Күткеніміз сең едің.
Жас егін де ер жетіп,
Желкілдетсін желегін.
|