Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны



бет3/8
Дата18.10.2023
өлшемі40,15 Kb.
#117974
1   2   3   4   5   6   7   8
"Заттарды пазл ішіне орналастыру" үстел үсті ойыны.
Мақсат-міндеттер: балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін дамыту.
(математика негіздері)


"Айырмашылығын тап" дамытушылық ойыны.
Мақсат-міндеттер: есте сақтаған заттарды салыстыру, ортақ ерекшеліктерін анықтап, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу біліктіліктерін, зейінін дамыту.
Құралдары: бір қарағанда бірдей болып көрінетін, бірақ бірнеше айырмашылықтары бар суреттер жұптары.
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

Көркем сөзді мәнерлеп айту (жаттау) жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: жылдың төрт мезгілі ретін білуге дағдыландыру; есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
"Төрт досым".
Төрт досым жанымнан өткен:
Жаз, күз, қыс және көктем.
Ұмытпаймын не бүгін, не ертең:
"Жаз, күз, қыс және көктем".
Д. Ахметова.
(сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

"Оң қолым мен сол қолым" жаттығуы.
Мақсат-міндеттер: балалардың оң мен сол жақты ажырата білу қабілеттерін бекіту; мәтіннің мәніне сай қимылдауға, оң мен сол жақты дұрыс ажыратуға дағдыландыру; ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Оң қолым менің, қалайсың? (Оң қолды көрсету)
Жанталасып, не жасайсың? (Қолмен бұраңдау)
Мен қасық ұстап аламын, (Қасықты ұстағанды көрсету)
Әдемі сурет саламын. (Сурет салғанды көрсету)
Колдарыммен мен үнемі, (Екі қолды көрсету)
Жеңімді бірге түремін. (Жеңдерді түргенді көрсету)
Нан илеп, шапалақтап, (Нан илеуді көрсету, шапалақтау)
Қуанышпенен қостап. (Шапалақтау)
Д. Ахметова

Таңертеңгі жаттығу

Кешенді жаттығу
Қызыл-жасыл гүл ектік,
Баптап, күттік, түрлеттік.
Қалмасын деп қуарып,
Апта сайын суардық.
Гүлдендірдік ауланы,
Аулада гүл қаулады.
А. Меңжанова.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет