Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


"Не қалай дыбыстайды?" (табиғат құбылыстары) дидактикалық ойыны



бет8/8
Дата18.10.2023
өлшемі40,15 Kb.
#117974
1   2   3   4   5   6   7   8
"Не қалай дыбыстайды?" (табиғат құбылыстары) дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды кейбір табиғат құбылыстарының дыбысын ажыратуға жетелеу, табиғат үндерін дыбыстық сөйлеу мәдениеті арқылы білдіруді меңгерту; дыбысты есту біліктілігін, дыбыстарды артикуляциялауды, қиялдарын дамыту; зейіндікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Керекті құрал-жабдықтар: табиғи құбылыстары дыбыстарының үнтаспасы.
Барысы.
Педагог балалардың алдына түрлі жетондар қойып, біреуін тандап алуды ұсынады. Құбылысты таңбамен белгілеп, оны аудиожазбалардың арасынан табу керек. Балалар құбылыстың дыбысы естіліп, таныған бетте, оның үнін артикуляция арқылы білдіруге тырысады. Мысалы, Жел "ш-ш-ш" немесе "у-у-у" - деп соғады. Жаңбыр былай дыбыстайды: " тырс-тырс-тырс", және т.с..
(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)

"Ұстап алда, жылдам айт" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларды допты ұстап алуға, аталған түске боялған белгілі заттарды (құбылыстарды, аңдарды, құстарды) тез атау біліктілігін жаттықтыру; зеректілікті, зейіндерін, дүниетанымдарын, түстерді ажырату біліктілігін, дамыту.
Керекті құрал-жабдық. Доп.
Балалар шеңбер немесе қатар құрып отырады (тұрады). Ойынды педагог немесе балалардың бірі жүргізеді .
Серуенге_дайындық'>(сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен таныстыру)



Серуенге дайындық

Балалардың өз бетінше, жүйелі киінуін бақылау. Шапшаңдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Серуен

Түскі серуенді бақылауды жалғастыру. (сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қоршаған ортамен таныстыру, еңбек дағдылары, дене шынықтыру)

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

Айына бір рет "Отбасы күнін" өткізу.

Балалармен "Балабақша ережелері", "Достар арасында өзіңді қалай ұстау керек?" тақырыбында әңгімелесу

Ата-аналармен балалардың бүгінгі әрекеті жайлы әңгімелесу.

Ата-аналармен балалардың тазалығы жайлы әңгімелесу.

"Менің достарым" тақырыбында әңгіме.

Әдіскер: Кенжебекова А Тәрбиешілер: Абдалиева.С


Тұрлыбекова С

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет