Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Y5ZymIACR1Sdfi9fzYasVGUCxotNhs2n8tkAFWjo





ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Мектепалды топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

5 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

10.10.-14.10.2022

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма



















Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы көрінісін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (қарым-қатынас іс-әрекеті)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап беру. "Баланы еңбекке тәрбиелеу" тақырыбына әңгімелесу.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Ұйымдастырылған іс-әрекетке арналған жабдықтар мен материалдарды дайындаймыз".
Мақсат-міндеттері. Өзіне тапсырылған іске жауапкершілік сезінуге тәрбиелеу, балаларды білім беру қызметіне арналған материалдар мен жабдықтарды ұқыпты ұстауға үйрету. (еңбек іс-әрекеті)

"Бөлме өсімдіктерін суғару".
Мақсат-міндеттері. Өсімдіктердің жарық пен ылғалды қажет етуі туралы білімдерін кеңейту, ылғалды сүйетін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтарынан қалай тануға болатынын үйрету. Су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Айналадағы қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. (еңбек іс-әрекеті, зерттеу іс-әректі)

"Орындықтарды жуу".
Мақсат-міндеттері. Балаларға тәрбиешінің көмекшісіне көмектесуді, топтық бөлмедегі орындықтарды таза ұстауды үйрету: оларды дымқыл шүберекпен сүртуді, орындарға қоюды үйрету. Еңбек дағдыларын дамыту, жұмыс кезінде мәдени-гигиеналық талаптарды сақтау қабілетін қалыптастыру. Ересектерге көмектесуге ынталандыру, олардың жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу. (еңбек іс-әрекеті)

"Топта ойыннан кейін тәртіп орнату".
Мақсат-міндеттері. Балалардың тәртіпке деген саналы ұмтылысын, ойыннан кейін ойыншықтарды жинастыру әдетін қалыптастыру. Жұмыс жоспарын құру, алдағы қызмет үшін қажетті материалдарды таңдау қабілетін жетілдіру. (еңбек іс-әрекеті)

"Ойыншықтарды тәртіпте ұстау".
Мақсат-міндеттері. Жұмыс басталар алдында балаларға жұмыс алжапқышын киюді үйрету; ойыншықтарды тәртіпте ұстау: жуу, кептіру, сүрту және орнына қою. Еңбекқорлықты, тәртіпсіздікті көре білуді дамыту; суды үнемді пайдалануды үйрету. Өзінің және басқа адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. (еңбек іс-әрекеті)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет