Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет7/24
Дата15.11.2023
өлшемі42,8 Kb.
#123723
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Математика негіздері
"Нанның артығы болмайды"
Мақсат-міндеттері. Балалардың он саны көлемінде тура және кері санай білу қабілетін арттыру; ұзындығы бес түрлі жолдардың ұзындығын, беттестіру, тұстастыру және логикалық ойлау амалдары арқылы салыстыру дағдыларын жетілдіру.


Сөйлеуді дамыту
"Жемістер мен көгөністер".
Мақсат-міндеттері. Күз мезгілінің байлығын түсіндіруді пысықтау.


Музыка
"Бауырсақ"
Мақсат-міндеттері. Балаларды күйді тыңдай отырып, оның сыр-сипатын ажырата білу қабілетін арттыру; әнді айтуда дыбыс ұзақтығы туралы ұғымын қалыптастыру.


Қоршаған ортамен таныстыру
"Жыл құстары".
Мақсат-міндеттері. Балаларға құстар туралы білім беру, құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы түсініктерін кеңейту. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, музыка)

Сауат ашу негіздері
"[о] дыбысы және О о әрпі".
Мақсат-міндеттері. [о] дыбысымен таныстыру, айтылу ерекшелігіне қарай [о] дыбысының дауысты дыбыс екенін, жуан естілетінін өздеріне анықтатқызу.


Құрастыру
"Бидай алқабы".
Мақсат-міндеттері. Балаларды "квиллинг" құрастыру әдісімен таныстыру; қағаз жолақшаларын орау техникасына үйрету.


Дене шынықтыру
"Қатар орналасқан таяқтардан екі аяқпен аттап секіру"
Мақсат-міндеттері. Балаларға екі аяқпен бірге, бар пәрменімен секіруді, аяқтың ұшымен түсуді, қол мен аяқ қозғалысының үйлесімділігін сақтауды үйрету.


Көркем әдебиет
Күләш Ахметова «Алтын дән» (өлең).
Мақсат-міндеттері. Балаларды «Алтын дән» өлеңімен таныстыру; балалардың еңбекке қызығушылығын қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуді үйрету; еске сақтау қабілеттерін дамыту және сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру; адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті)

2- таңғы ас

Тағамның атауын еске сақтау, тазалыққа бейімдеу. "Тәбетіміз ашылды, ас болсын!" (мәдени-гигиеналық дағдылар, сөйлеуді дамыту, көркемсөзді қайталау)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет