Көгөністердің пайдасы туралы әңгімелесу. (танымдық іс-әрекет)
"Суретті құрастыр" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттері. Балалардың ұғымындағы туған жерлері туралы білімдерін бекіту, Отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Барысы.
Педагог балалармен бірге қаланың көрікті жерлерін бейнелейтін суреттерді қарастырады. Педагог балаларға ойын ережелерін түсіндіреді, тұтас суретті бөлшектерден қалай құрастыруға болатыны туралы бұрыннан белгілі ережені есктеріне түсіреді.
Ойыншылардың санына сәйкес суреттерді таратады. Педагог ойынды "Бастаймыз!" сөзімен ашып береді. Балалар бөліктерден тұтас суреттерді құрастырады. Суретті бірінші құраған балаларға таңбалауыштар таратылады. (танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті)
Балаларда эмоционалды жағымды көңіл күй мен ұйымдастырылған іс-әрекетіне мотивациялық дайындықты қалыптастыру, балаларға бір-бірімен сәлемдесуге мүмкіндік беру, ұжымда достыққа тәрбиелеу.
Күн шуағын жинаймын.
Достарыма сыйлаймын.
Күн жылуын аямасын,
Шуағымен аяласын.
Достық деген бәйтеректі
Барлық бала саяласын. (қарым-қатынас іс-әрекеті)
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет
Сауат ашу негіздері "[р] дыбысы және Р р әрпі".
Мақсат-міндеттері. Айтылу ерекшелігіне байланысты [р] дыбысының дауыссыз дыбыс екенін балалардың өздеріне анықтату, Р р әрпімен таныстыру.
Қазақ тілі "Күз сыйлары".
Мақсат-міндеттері. Балаларды көгөністер туралы өлеңмен таныстыру; «күзгі егін» ұғымын дамытуды жалғастыру; көгөністер мен жемістер, геометриялық фигуралар туралы білімдерін нақтылау; мәтіндегі көгөністердің атауларын нақты айтқызу, көгөністер туралы өлеңді мәнерлеп оқуға дағдыландыру; зияткерлік картамен жұмыс істеу кезінде қазақ тілінде көгөністер мен жемістер туралы қарапайым сөйлемдер құрастыруды үйрету; зейін, ойлау қабілеттерін дамыту; ересектердің еңбегін құрметтеуге, еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу.
Дене шынықтыру "Бір орында екі аяқпен секіру".
Мақсат-міндеттері. Балаларға бір орында екі аяқты қосып, тұрған жерін айналып секіруді үйрету; сапқа өз еріктерімен тұру қабілетін жетілдіру; еңкіс тақтайдың үстімен жүрелеп жүруге дағдыландыру; ептілікке тәрбиелеу.