Тамақтан соң ауыздарын сумен шаюды қалыптастыру.
Киім түймелерін, сырмаларын өздігінше ағыту. Киімдерін ұқыпты орындыққа іліп (немесе арнайы сөреге) қоюды үйрету. Өз төсек орнын тауып жатуды үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Балалардың тыныш ұйықтауы үшін жайы баяу музыка тыңдау. Қазақ халық ертегілерін оқып беру (көркем әдебиет) Қуыршағымыз демалысын, оған арнап кереует құрастырып берейік. Бейсенбі күні (Құрастыру)
Біртіндеп ұйқыданояту, сауықтырушаралары
Өз орындарында отырып керілу, тыныстау жаттығуларын жасату. Ригалық әдіс бойынша сауықтыру.
(дене жаттығулар мен белсенділігі)
Киімдерін реттілікпен өздігінен киіну. Түймелерін қадау, сырмаларын сыру, аяқ киімдерін дұрыс киюді үйрету. Қыз балалардың шаштарын тарауға үйрету. (өзіне-өзі қызмет ету дағдылары, ірі және ұсақ моториканы дамыту) Қолдарын жуу, құрғатып сүрту, сүлгіні өз орнына іліп қоюды үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар).
Бесінас
Кезекшілердің жұмысы ( асхана құралдарын, майлықтарды үстелге қою, соңынан жинау)
Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәденетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету.
(мәдени-гигеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, еңбек әрекеті)
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар,үстелүсті ойындары, бейнелеуәрекеті,кітаптарқарау және тағы басқаәрекеттер)
Достарымызбен шеңберге тұрайық, ойыншықтардан шеңбер жасайық. Шеңбер бойлап айналайық. Топта шеңберге ұқсас заттарды тауып салыстыру.