Оқушылар да, ата-аналарда, тіпті мұғалімдер де асыға күткен биылғы жазғы демалысқа жеттік десек болады. Жыл бойы уақытының көбі партада отырып оқып-жазуға кеткен оқушы, демалысын асыға күтеді. Бұл – табиғи нәрсе.
«Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен жазғы тәжірибе ісімен айналысуын ұйымдастыру мәселесі бүгінгі таңда анағұрлым өзекті әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр
Жазғы еңбек тоқсанында балалар мен жасөспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің ең жақсы дәстүрлері, өкінішке орай, 2 жыл жылғы жалғасқан пандемиядан соң жойылып, бүгінде оны жандандыру, еңбек пен демалыс лагерьлерінде, жоғары сынып оқушыларының еңбек отрядтарында, жалпы айтқанда ешкім айналыспай кетті.
Балаларды сауықтыру демалысын, жасөспірімдердің жазғы еңбек тоқсанында іспен айналысуы жүйесін дамыту өскелең ұрпақтың денсаулығын анағұрлым жақсартуға және көптеген проблемалардан құтылуға мүмкіндік береді. Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі. Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
балалардың жас еркшелігін;
психологиялық ерекшелігін;
денсаулығын;
ұлттық ерекшелігін
; аймақтық ерекшелігін;
діл (менталитеттік) ерекшелігін;
жыныстық ерекшелігін;
қабілет-мүмкіндігін, т.с.с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т.б. сияқты адами
қасиеттерді ұғынуға; туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;
азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;
10 ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т.б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.
Жаз кезінде қала мектептерінің оқушыларын сыныптан және мектептен тыс жұмыстармен толық қамту мақсатында,сондай-ақ экологиялық тәрбие және табиғатты қорғау жөніндегі бағдарламаларды орындау мақсатында оқушылардың жазғы еңбек демалысын ұйымдастыруда мектебімізде бірқатар іс-шаралар жұмыстар атқарылуда, және де маңызы зор. Қазіргі уақытта балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану өткір міндеттердің бірі. Сондықтан жалпы білім беру мекемелерінің соынң ішінде мектептің ролі зор. Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тұлғалық өсуі мен өзіндік жетілуін ашуда жаңа мүмкіндіктер береді. Жалпы оқушылардың жазғы демалысын , бос уақыттарын ұйымдастыру бойынша биылғы жыл Балалар жылы қарсаңында арнайы желілік кесте құрылып, әр апта күндері тұжырымдамаға сәйкес, әр күні әр түрлі бағытта іс шаралар өтетін болады.Жауапты адамдар тағайындалды. Жоспар құрылып, барлық ережелер мен талаптарын ескере отырып жасалды.
Сонымен қатар, 5-8 сынып оқушылары жазғы еңбек тәжірибесі мектепте өз кестелері бойынша жұмыс атқаратын болады. Әр күнге жауапты мұғалімдер болып, қауіпсіздік ережелері толық сақталады. арнайы қауіпсіздік журналы, жазғы еңбек ке келетін оқушылардың қатысуы жайында журнал күнделікті толтырылып тұрады. Оқушылардың жазғы еңбек тәжірибесін ұйымдастырудың мақсаты жазғы демалыс кезінде тәрбие үрдісін тиімді дамыту, оқушылардың денсаулығын нығайту, әр оқушының рухани және физикалық мүмкіндіктерін кеңейтуде шаралардың жүйелі кешенін жасалады. Оқушылардың жазғы еңбек тәжірибесін ұйымдастырудың міндеттері:
- балалардың демалыс кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру;
- құқық бұзушылықты және бақылаусыздықтың алдын алу;
- азаматтыққа және патриотизмге тәрбиелеу;
- экология және табиғатты қорғау бойынша зерттеу жұмысы дағдысын дамыту;
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және танымдық қабілеттерінің дамуына, экологиялық мәдениет, эстетикалық тәрбие, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету;
- балалардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- жануарлар мен өсімдіктерді күтіп-баптау бойынша оқушылардың бойында сарамандық жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру;
- оқушыларды белсенді табиғат қорғау ісіне тарту;
- еңбекке және материалдық құндылықтарға деген саналы қарым – қатынас қалыптастыру;
- қоғамда балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтенуіне және толық интеграциясына ықпал жасау;
- білімалушыларға экологиялық-биологиялық бағыт бойынша кәсіптік бағдар беру.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Оқушылардың жазғы демалысы мен жазғы еңбек тәжірибесін ұйымдастыру