Үлгі-өнеге. Көру арқылы қабылданатын құбылыстарды санада бекіту іске асырылады.Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді. Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған бы-
лай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді". Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стаканмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді. Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" – дейді Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі.
Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады.
Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу".
"Сенің ақылың бар ғой, жәбірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын түрде болғандықтан бала басқаша қабылдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары-мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандықтан аулақ болуға үйренеді.
Көзін жеткізу- тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалың тәсілі.
Тапсырма: Тәрбие әдістерін таңдау дегеніміз? Тәрбие мақсатына жетудің ең ұтымды жолын ұсыныңыз.
http://emirsaba.org