Адамгершілік сананы қалыптастыру әдістеріне сипаттама
• Этикалық әңгіме - этикалық, эстетикалың мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары. Этикалың әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
• бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
• оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
• әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
• баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
• қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
• өңгімені лекцияға айналдырмау;
• өңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
• баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
жас ерекшеліктеріне сай болуы;
тартымдылығы, қызықтылығы;
мұғалімнің артық сөздер айтпауы. Мұғалім төртіп бұзған оқушылармен жеке сөйлесіп, оның қателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.
Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер (басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б.) айтып, жеткізіп, түсіндіріледі. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |