Тәрбиенің принциптері


Тәбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі



бет2/8
Дата06.10.2022
өлшемі59,94 Kb.
#41629
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тәрбиенің принциптері

Тәбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі.

Жаңашыл ұстаз Құмаш Нұрғалиев: «Мұғалім мен оқушы арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген сенімі, мұғалімнің баланың сүюі», - деген болатын.
Тәрбиеленушіні құрметтеу және оған талаптар қою – баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап, оған сүйеніп, оқушының өз тәжірбиесін дамытуына көмектесу керек.

  1. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.

Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогиялық ықпал бірлігі қажет екеніні дәлелдейді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі – тәрбие мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс – әрекеттің сабақтастығы.

  1. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу.

Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыруы қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.
Бала – педагогикалық қамқорлықтың ең жоғарға мақсаты. Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардың сүйіспеншілік сезімі мен қарым – ұатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі олардың сенімін артырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер жедел дамып келе жатқандықтан, тәрбиесі бір қалыпта ауысып, өзін – өзі тәрбиелеуге қажеттілігі артады.

  1. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу – тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі – ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болу қажет. Екіншісі – тәрбиеленушінің педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы.

Педагог – тәрбиеші қосарланған ұғымына А.С. Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан – жақты тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған.
Бірлескен іс – әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарды өзара тәуелді, жауапкершілікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет