Тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері


Тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата07.04.2023
өлшемі259,62 Kb.
#80231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тәрбие процесін ұйымдастырудың
әдіснамалық негіздері 
 
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері келесі әдіснамалық негіздерге 
сүйенеді:
Құндылықты (аксиологиялық) көзқарас – адамзаттың түсінігімен және 
рухани-адамгершілік мазмұнымен анықталатын адамның әлемге, өзге 
адамдарға, өз-өзіне және т.б. қатынасы, жалпыадамзаттық және ұлттық 
құндылықтардың диалектикалық бірлігіне сүйену. 
Антропологиялық көзқарас – тәрбие тақырыбы ретінде адам туралы 
білімнің барлық деректерін және олардың есебін біртұтас педагогикалық 
процесті құруда және іске асыруда жүйелі қолдану. 



Тұлғалық-бағдарлы көзқарас – өзара байланысты түсініктер, іс-әрекет 
идеялары мен тәсілдер жүйесіне сүйену, тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі 
жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру процесін қолдау, оның дербестігін 
дамыту. 
Қызметтік көзқарас – педагог өз тәрбиеленушілерін мақсат қою және 
іс-әрекетін жоспарлау, оны ұйымдастыру және реттеу, бақылау, өзіндік 
талдау және іс-әрекет нәтижелерін бағалауға үйретуі үшін қажет баланың іс-
әрекетін қалыптастыру, таным, еңбек және қарым-қатынас субъектісі 
позициясына ауыстыру бойынша арнайы жұмысты талап етеді. 
Құзыреттілік көзқарас – тәрбие мақсаттарын анықтаудың, тәрбие 
процесін ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бағалаудың, оқушыларда 
құзыреттіліктерді қалыптастыру мен олардың табысты әлеуметтенуін 
қамтамасыз ететін ортақ ұстанымдар жиынтығын ескеру. 
Әлеуметтік көзқарас – тұлғаның мақсаты мен міндеттеріне әлеуметтік 
шынайылықтың ықпалын ескеру, осы ықпалдың адам және қоғамға тигізер 
педагогикалық салдарлары. 
Жүйелілікті көзқараснысанды оны құрайтын бөліктердің 
жиынтығына қосылмайтын және иерархиялық құрылымы бар күрделі 
құрылыс ретінде қарастыруды көздейді. Жүйелі қарастыру құрылымдық 
компоненттерді, олардың қызметін бөліп көрсетуді, қызметтік-иерархиялық 
байланыстар орнатуды, жүйеқұраушы факторларды анықтауды, сыртқы 
байланыстар талдауын қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет