16
Салауатты
өмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық
сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау
біліктілігін ойдағыдай қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Бағалау критерийлері (қарым-қатынасы арқылы):
денсаулық жағдайының скринингіне;
әлеуметтік мақсаттар мен рухани қажеттіліктерге;
теріс ықпалдарға қарсы тұрудың тиімді тәсілдерін меңгеруге;
табиғи қабілеттерді орынды пайдалануға;
денсаулық сақтауға және нығайтуға, қауіпсіз және жауапты мінез-
құлыққа;
өмірдегі жаңа жағдайларға сабырлылыққа;
қауіпсіздік және өмір сүру әрекетін қамтамасыз етуге;
денсаулық сақтау ортасын құруға тілегі және даярлық білдіруі.
Іске асыру механизмдері
Сабақтар, дене тәрбиесі сабағы,
оқу пәндері, қосымша білім беру,
спорттық секциялар мен үйірмелер, «Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы
аясында репродуктив денсаулық, нашақорлық, маскүнемдік, темекі тарту
және АҚТҚ алдын алу және салауатты өмір салты негіздері бойынша
ақпараттық-ағарту курстар,
семинар-тренингтер; денсаулық фестивальдерін,
спартакиадалар, қауіпсіздік бағдарларын өткізу; ақпараттық-диагностикалық
материалдар дайындау және тарату; «сенім қызметтерін» ұйымдастыру
арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін жүзеге асыру шарттары
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету – ата-аналардың бала
тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруда ҚР «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарына және «Неке
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне өзгерістер мен
толықтырулар енгізу.
Ақпараттық қамтамасыз ету – тәрбие мәселелері бойынша заманауи
ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдалану,
мектепішілік және жоғары оқу орныішілік бұқаралық ақпарат құралдары,
баспа қызметін ұйымдастыру және т.б. Бұқаралық ақпарат құралдарында
салауатты өмір салтын, үздік мұғалімдер, озат білім беру ұйымдары, ең үздік
мемлекеттік қызметкерлердің, кәсіпорын қызметкерлерінің еңбектерін, үлгілі
отбасыларды және т.б. насихаттауды ынталандыру механизмдерін дайындау.
Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету – тәрбие жұмысын ұйымдастыру
бойынша оқу-әдістемелік құралдар мен ұсыныстар дайындау. Тәрбие
жұмысын ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді, креативті ойлар мен
авторлық
бағдарламаларды зерттеу, талдау және енгізу. Оқу-әдістемелік
құралдарын қолдану, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие жұмысы тәжірибесін енгізу.
17
Этнопедагогика және психология, қазақ халқының игілігін зерттеу бойынша
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Жыл сайын оқуға ұсынылатын
әдебиеттер тізбесіне тәрбиелік және дамытушы сипаттағы оқу әдебиеті
кітаптарын, хрестоматиялар мен альманахтарды қосу.
Ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету – тәрбие қызметін тиімді
ұйымдастыру негізінде білім беру ұйымдарында және олардың құрылымдық
бөлімшелерінде тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлау, олардың жұмысын
үйлестіру үшін жағдай жасау; негізгі және
қосымша білім беру мазмұнын
кіріктіру негізінде біртұтас білім беру кеңістігін құру; тәрбие жұмысының
тиімді тәжірибесін үнемі зерделеу, жинақтап қорыту және тарату, тәрбие
процесіне мониторинг жүргізу, тәрбие процесі субъектілерінің пікірін
зерделеу.
Зерттеушілік, инновациялық қызметті қолдау; отбасы тәрбиесінің
әлеуетін күшейту.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету
– қажетті материалдық,
техникалық жағдайлар жасау, тәрбие жұмысын республикалық және
жергілікті
бюджеттерден қаржыландыру, тәрбие процесіне қатысушыларды
ынталандырудың икемді жүйесін тиімді пайдалану.
Психологиялық-педагогикалық қолдау – білім беру ұйымдарының бала
тәрбиесінде колледждердің педагогикалық ұжымымен және жоғары оқу
орындарының
профессорлық-оқытушылар
құрамымен,
ата-аналар
қауымдастығымен, ғылыми және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтастығы.
Дамуында психологиялық-педагогикалық кемшіліктерді түзетуді қажет
ететін балалар мен жастардың түрлі санаттарымен жұмыс жүйесін жетілдіру.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, «Бөбек» ҰҒПББСО тәрбие
жұмысының тәжірибесін тарату және енгізу: тәрбие жұмысын академиялық
пәндер, қосымша білім беру, сыныптан тыс іс-шаралар және жобалар арқылы
жүзеге асыру тәжірибесі. «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы, «Туған елге
тағзым» өлкетану зерттеу экспедициясы, әлеуметтік практикалар,
волонтерлық,
әлеуметтік акциялар, зияткерлік ойындар және т.б.
Кадрлық қамтамасыз ету – «Бөбек» ҰҒПББСО Адамның үйлесімді
дамуы институты, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық
шеберлік орталығы, «Өрлеу» АҚ Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы»
курстарында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта
дайындау; сынып жетекшілері, кураторлар,
мектеп психологтары мен
әлеуметтік педагогтердің функционалдық міндеттерін бөлу. Мектептерге
тьюторлық институтын, еңбекақысы төленетін (штаттағы) сынып
жетекшілерін енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: