Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама. Ақыл-ой тәрбиесі



Дата28.11.2023
өлшемі18,44 Kb.
#130522

Жоспар
1.Тәрбие
2.Тәрбие түрлері
3.Тәрбие заңдылықтары мен принциптері
Тәрбиенің түрлері және оларға сипаттама.
Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылы-тілі, ой операциялары талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын құрметтеуге тәрбиелеу;
Еңбек тәрбиесінің негізгі міндеттері:
а) оқушыларды іскерлікке, еңбек дағдысына үйрету;
ә) оқушыларды халық шаруашылығының басты салаларымен, еңбек түрлерімен таныстырып, мамандық таңдауға тәрбиелеу;
б) озық еңбек дәстүріне тәрбиелеу
Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Тәрбиенің заңдылықтары:
Тәрбие қоғам мұқтаждығына және жағдайына байланысты заңдылығы. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік – экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамуына игі әсер етеді.
Тәрбие мен өзін — өзі тәрбиелеудің бірлігі заңдылығы. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Белсенділіктің бірнеше түрлері бар. Олар: қарым – қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін — өзі тәрбиелеу белсенділігі.
Тәрбие іс — әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші рөлі заңдылығы. Тәрбие, оқыту және білім беру іс — әрекетіне байланысты. Іс — әрекеттің мынандай түрлері бар. Олар: ойын, оқу, еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық – саяси іс — әрекеттері т.б. жатады.
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу заңдылығы. Жас ерекшеліктері мынандай жағдайда еске алынады:
Принцип дегеніміз — адамның нақты іс — әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шартты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.
1.Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Тәрбиенің алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс — әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне әсер етеді.
2.Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасы мен байланыс принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.
3.Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл тәрбие жұмысының жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердің топтық және ұжымдық өмірін, олардың тұлғасының рухани байлығының, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуының міндетті шарты деп қарайды. А.С.Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі “ұжым” болып ұйымдастырылған педагогикалық іс — әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды – деп көрсетті.
4.Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі принципі. А.С. Макаренко кезінде “Егер біреу – міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін қысқаша ғана формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап қою және құрмет көрсету деп жауап берер едім” -деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа алып оқушы күш – қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды таңдап алады.
5.Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел біртұтастықты құрайтын педагогикалық жүйенің болуын талап етеді. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі тәрбие мақсатына үзілді – кесілді қарама – қайшы келеді.
6.Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі принципі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс — әрекетінің мазмұны мен түрін олардың жасына, өмір тәжірибесіне, күш – қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет