Теректі ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы кмм


ІХ. «Қазақтың ұлы компазиторлары» (21 сағат)



бет21/23
Дата07.01.2022
өлшемі54,54 Kb.
#17170
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
авторолык багдарлама Алгазиева АР

ІХ. «Қазақтың ұлы компазиторлары» (21 сағат)

Музыка – мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Осылай, Батыс Қазақстан аумағы – домбыралы төкпе күйдің орталық аймағына айналып, Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Мұхит сынды ұлы адамдар дүниеге келген өлке. XIX ғасырдың екінші жартысында өшпейтін классикалық туындыларды шығарған көрнекті қазақ сазгерлері өмір сүрген. Дарынды сазгерлердің туындыларында халықтың азаттық жолындағы күресінің мақамдары, әуені естіледі. Күй құдіретін ұрпағының санасына сіңіріп, өлмес мұра қалдырған қазақтың белгілі күйшілері:Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – қазақ аспап өнерінің күйші композиторы. Ол Бөкей Ордасының аумағындағы Жиделі деген жерде өмірге келген. Ұлы күйші өмір бойы әлеуметтік бостандық үшін күрескен. Күйлері халықтың өр еркіндігі, туған жер, шегі жоқ дала туралы болып келеді; Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – ұлы күйші композитор, домбырада ойнау өнерінде лирикалық бағыттың негізін қалаушысы. Оның көзқарасының қалыптасуына 1836-38 жылдарында болған көтеріліс ықпал етті. Дәулеткерей Шығайұлының шығармалары өзінің шеберлігі, сергектік қуатымен таң қалдырады. «Қоңыр», «Топан», «Жігер» күйлері композитордың жан толқынысы арқылы сазгердің ойларын жеткізеді; Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – көрнекті күйші-композитор, XIX ғасырдың домбыра өнерінің негізін қалаушысы, шертпе стиліндегі күйлердің қайталанбас авторы мен орындаушысы; Дина Нұрпеисова (1861-1955). Дина Батыс Қазақстанда өмірге келген. Тоғыз жасыннан домбырада ойнауды бастаған. Дина – Құрманғазының дарынды шәкірті, көрнекті күйші композитор. Дина көптеген ән үлгілерін шығарған. Өз еңбегі үшін ол Қазақстанның халық әртісі деген атаққа ие болған. Оның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» деген күйлері қазақ музыкасының алтын фондында сақталған. Дарынды сазгер, әнші, ақын күйші Мұхит Мерәліұлының шығармалары Батыс Қазақстанның музыкалық дәстүрінде өзінің сәтті сазын тауып, ерекше орынға ие болды. Мұхиттың шығармашылық өнерін сөз еткенде, белгілі өнер зерттеушісі А. Затаевич “…қазақ әндері саласында Мұхит халық музыка элементтерінен өзіндік мағынасы бар ән мектебін құрды”, - деп, дәл суреттеп жазған. Ал ол Мұхиттың өзін “қазақтың Баяны” деп атап өтті.
Көбінесе лирикалық әуенде келетін Мұхит әндерінде адамның Жан дүниесін, ой – арманын, махаббат сезімін суреттеу, табиғатты тамашалау, адамның жеке басына сүйсіну сезімдері мол бейнеленген. Оның “Айдай”, “Бала Ораз”, “Алуаш”, “Иіс”, “Зәуреш”, “Айнамкөз” т.б. әндері халық арасына кең тарап, Біржан, Ақан, Мәди, Үкілі Ыбырай сияқты ірі әнші –композиторлардың белгілі шығармаларымен бірге халықтың жүрегін нұрға толтырып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет