ҮІ. «Орал Қазақстанда қайталанбас –өзіндік сәулет мәнері бар қала» Республикалық, облыстық маңыздылығы бар ескерткіштер. (36 сағат)
Орал – қазақ елінің байырғы қалаларының бірі. Шаһардың Шаған мен Жайық өзендерінің тоғысқан тұсындағы тарихи бөлігін ХІХ ғасырдың тарихи-мәдени сәулет ескерткіштері құрайды. Республикалық маңыздылығы бар ескерткіштер. Бұл санатқа жалпы мемлекеттік маңыздылығы бар және ҚР ескерткіштерінің мемлекеттік тізімге енгізілген тарихи-мәдени ескерткіштер жатады. Орыс сауда-өндіріс банкі (Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінің ғимараты), Әскери шаруашылық басқармасы (кітапхана), Көпес Каревтің үйі, Тағайындалған Атамандар үйі (госпиталь), Орыс-қазақ қолөнер мектебі «БҚО тарихи-өлкетану музейі), Михаил Архангел шіркеуі, Христос спаситель шіркеуі. ОБлыстық маңыздылығы бар ескерткіштер.М.Өтемісов атындағы БҚМУ бас ғимараты, Көпес Ванюшин үйі, Тухватулиндер үйі, Устинья Кузнецова дүниеге келіп, тұрған үй, «Иллюзион» кинематографы, «Современник» кинематографы, Мемориалдық кешен, Қызыл мешіт, Даңқ монументі, «Еуропа-Азия» монументі, Ерлер гимназиясыабай ескерткіші, А.С.Пушкин ескерткіші, Бірінші әйелдер гимназиясы, алғашқы ерлер гимназиясы, Михайлов өрт сөндіру бөлімшесі, Ротонда, А.Н.Островский ат. орыс драма театры, Мемлекеттік банктің Орал бөлімшесі, Хан тоғайы.
ҮІІ. «Ерлік пен елдіктің өшпес рухы» Орал өңірінің батырлары. (24 сағат) Сырым Датұлы (1753—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Исатай 1791 жылы Тайсойған құмы, Тайман жалы бұйратында туған. Әкесі – Тайман, шешесінің есімі – Нағибала. Беріш тайпасының жайық руына жататын бұл әулет Ағатай батырдан бастап өздерін Жайықтың бетке ұстар бір атасы санайды.
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысыныңЖәнібек ауданыныңНарын құмының Жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысыныңИндер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Байұлы ішіндегі Беріш руының Жайық бұтағынан. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан. Махамбет өзінің барша болмыс қасиеттерімен көшпелілер арасындағы көсем тұлғалардың бірі. Ол өзі туып өскен өңірдің Қамбар батыр, ЕрТарғын, Сыпыражырау, Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет сияқты біртуар тұлғаларының өлмес мұраларын көкірегіне тоқып өсті. Өзі өмір сүрген заманның ағымына жүйрік, қыр сырын жетік меңгерген, көзі ашық, көкірегі ояу, білімдар адам болған. Орыс, татар, араб тілдерін тәуір меңгерген. Мұны ол жазған хаттардан айқын аңғаруға болады. 1836—38 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі.
Мәншүк Мәметова 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. Мектепті бітіргенне соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған.