Бағдарлама нәтижесінде оқушылардың бойында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңесі, өсиеттері, ұлттық рух, ұлттық мақтанышы, ұлттық намысы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Инабатты, ел-жұртын, атамекенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, нағыз ұлттық намысы жоғары азамат болып шығады.