Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету.
Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию.
Шприц салынған қорапты поршень жағынан ашу, шприцті жинау, иненің тесігін шприцтің шкаласына қаратып жалғау, иненің қалпағын ашпай шприцті қорабына салып, медициналық үстелге қою.
Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрінің дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылы мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетті стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып оларды таза лотокқа салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын лотокқа тастау.
Бір қолға ампуланы, ал екінші қолға ампуланы кесетін кескішті ұстап ампуланың мойнынан кескішпен бір рет жүргізу, кескішпен ампуланың өзінің осімен айналдыра жүргізу, сызылған жерді және ампуланың мойнынан спирке малынған мақтамен айналдыра сүрту, мақтаны қалдық салатынға тастап, құрғақ мақталы шариктің арасын ашып ампуланың мойнын орап, үлкен және екінші саусақтың арасымен қысып абайлап ұшын сындыру, ампуланы үстелге қойып құрғақ шариктерді қалдыққа арналған науаға тастау.
Қораптан дайын тұрған шприцті алып, иненің қалрағын шешіп, сол қолдың екінші және үшінші саусақтарымен ампуланың түбінен, ал ампуланы түбінен ұстап, оң қолға шприцті алып, инені ампуланың қабырғасына тигізбей оның ішіне енгізіп, поршеньді баяу төмен тартып, ампуланың ішіндегісін шприцтің цилиндріне жинап ампуланы қалдық тастайтын науаға салу.
Егер шприц цилиндрінде ауа көпіршіктері болса, шприцтің поршенін өзіңе қарай тартып, баяу ауаныитеріп шығару қажет. Ескеріңіз! Ауа көпіршіктерін біріктіру үшін шприцтің корпусын соққылауға болмайды, ампуланың ішіндегісін сыртқа шығарамыз. Иненің ұшынан ерітіндінің тамшысын ғана шығару керек, шприцтегі инені шешіп, тесігін шприцтің шкаласына қаратып, жаңа инені кигізіп, дәрісі бар шприцті қорабына салып үстелге қою.
Науқасты орындыққа отырғызу немесе кушеткаға жатқызу, қолын клеенкалы жастықшаға қоюды сұрау, алақанын жоғары қарату, егетін орынды қарау, егуге арналған көктамырды анықтау, оны пальпациялау, оның көрініп тұрған ұзындығын және жол траекториясын анықтау.
Екі ұшын жоғары қаратып иыққа бұрау салу, кәрі жілік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса байламды шешу. Науқасты шамалы тынықтырғаннан кейін емшараны қайталау. Науқастан жұдыры,ын бірнеше рет ашып-жұмуын, соңынан жұмып ұстап тұруын сұрау.
Спиртке малынған мақта шаригімен кубиталды аймақты 10см *10 см көлемде өңдеу, басқа шарикпен егілетін орынды өңдеу, осы мақтаны қолында немесе өзінің сол қолының 4-ші және 5-ші саусақтары арасына қою. Шприцті қораптан алып, иненің қалпағын шешу. Иненің тесігін жоғары қаратып, оң қолдың саусақтарымен шприцті айналдыра ұстау, сұқ саусақты иненің муфтасына қою.
Егуге таңдап алынған тамырға инені параллель қойып теріні тесу, инені алдыға қарай итеру, иненің бағытын 450 бұрышқа өзгерту. Тамырды пункциялау, иненің қуысқа енгендігін сезінуді бақылау. Тамыр бойымен инені жылжыту, иненің 1/3 ұзындығын енгізу, шприцтің поршенін өзіне тартып иненің тамыр қуысына тұрғанына көз жеткізу. Цилиндрде қан пайда болған кезде иықтағы бұрауды шешу.
Тамырға дәріне енгізе бастау, егу кезінде науқастың реакциясын бақылау керек, егер егу орынының айналасында томпаю пайда болса, егуді бірден тоқтатып, инені тамырдан шығару керек. Дәрілік затты дұрыс енгізбеу белгілері байқалмаса және науқастың жағдайы жақсы болса, егуді аяқтау қажет.Инені тамырдан шығармай тұрып спиртке малынған мақтаны егілген орынға, яғни иненің теріден көрінбейтін дисталды бөлігініі бетіне қою. Оң қолымен иненің муфтасынан ұстап тұрып, инені тамырдан шығару, ал сол қолымен мақтаны егілген орынға басу. Науқасқа қолын бүгіпң бірнеше минут ұстап тұруын өтіну.
Иненің қалпаған кигізбей шприцті инесімен арнайы шприцтер мен инелерді жоятын контейнерге тастау. Қолғапты спирт ерітіндісіне малынған мақтамен өңдеу. Егілген орынды қарау. Егер қан кетуі тоқтаса, мақтаны алып, қолданылған шприцтерді тастаған контейнерге салады.
Науқастың жағдайын сұрап палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелден шприцтің қорабын және бос ампуланың қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп қолданған шприцтерді тастаған контейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.