Үлкендердегі базалық жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу. Тынысалу қабы арқылы өкпенің жасанды тыныс алуы. Ұйқы күретамырындағы тамырсоғысының бар жоқтығын, қарашығының күйін, қарашықтың жарыққа реакциясын анықтау. Төс тұсы мен ішін киімнен босату.
Басын максималды шалқайту: бір қолын мойын астына, екінші қолын науқастың маңдайына қою.
Тынысалу жолының өткізгіштігін қалыпқа келтіру: ( Восстановить проходимость дыхательных путей (освободить ротовую полость от наличия рвотных масс, слизи, зубов и т.д.).
Өкпенің жасанды желдетуі. «ауыздан ауызға» әдісі : Өкпенің жасанды желдетуін «ауыздан ауызға» немесе «ауыздан мұрынға» бастау керек. Терең дем алғаннан кейін ауаны науқастың ауызына немесе мұрынына үрлеу керек. Үрлеуді екі рет жасау керек.
Зардап шегушінің танауы саусақтармен қысылып тұруы керек. Сол кезде кеуде клеткасын бақылау керек. Егер кеудесі кеңейсе, онда тыныс алу дұрыс жүзеге асқан.
Жүрекке жабық массаж жасаудың негізгі ережесі: Жүрекке тікелей емес массажды бастау: реанимация жасаушының қолын төстің ортаңғы және үштен бір төменгі аралығына, қатаң түрде ортаңғы сызықта қояды. Бір қолының алақанын екінші қолына қояды. Шынтақ тұсында қолын тік ұстайды.
Кеудесін жылдам түрткімен басу керек. Кеуде клеткасының компрессиясы дәрігердің дене салмағының ауырлығынан болады, кеуде клеткасының майысу тереңдігі 4-6 см болуы керек. Компрессияның жиілігі минутына 80-100.
8. Реанимациялық шаралардың ырғағын дұрыс таңдау керек. Қатынасы 30:2.
9. Тыныс алу мен қан айналым өздігінен қалыпқа келгендігін анықтау керек. Ұйқы күретамырында тамырсоғысының бар жоғын, қарашығының күйін, қарашығының жарыққа реакциясын тексеру керек. Реанимациялық шаралардың алғашқы минутының соңында,содан кейін әр 2 минут сайын 5 секундқа үзіліс жасап тоқтата тұру керек.
10. 30 минут бойын жасаған жүрекке тікелей емес массажын жасаса да, қан айналымның қалыпқа келу белгілері болмаған жағдайда науқасты өлдіге санап, реанимациялық шараларды тоқтатуға болады.