Көк тамырға инфузия Барлық қажет жабдықтарды дайындау.Науқаспен жақсы қарым-қатынас орнату., оның жағдайын анықтау, одан тағайындалған дәріні бұрын алғандығын сұрау және науқастың аллергиялық анамнезін анықтау. Науқасқа емшараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру, дәрілік зат алынатынампуланы және оның корабын көрсету.
Жұмыс істеуге қолды дайындау (гигиеналық тәсіл), су ағатын шүмекті шынтақпен жабу, таза сүлгімен немесе майлықпен қолды кептіру. Бетпердені және қолғапты кию.
Дәрісі бар ампуланы алып, оның сыртын оқу, дәрілік дәрігердің тағайындауымен сәйкес келгендігін, жарамдылық мерзімін және мөлшерін анықтаған соң, дәріні медициналық үстелге қою. Пинцетпен стерильді қаптан бірнеше мақта тампондарын алып, оларды таза науаға салу, спиртке малынған тампонмен ампуланың мойнын сүртіп, мақтаны қалдықтар салатын науаға тастау.
Системаны алып жарамдылық мерзімін қарау және екі жағынан қысып қорабының бүтіндігін тексеру. Қорапты ашу. Бір ретті қолданатын системаны тамшылап егуге дайындау.
Майлықты, мақтаны және пинцет салынған стерильді науаны дайындау.
Инфузияға арналған дәрілік ерітіндісі бар флаконды дайындау. Қайшымен флаконнан металл қақпағын ашу.Флаконнынң тығының екі рет спиртке малынған мақтамен өңдеу.
Инфузияға арналған флаконға ампуладағы ерітіндіні құю.
Инені флаконның резеңкелі тығынынан ішке енгізу.
Системадағы қысқышты жабу. Флаконның түбін жоғары қаратып төңкеріп,штативке ілу.
Тамшылағышты ерітіндіге толтыру, тамшылағыш флаконмен бір деңгейде тұруын бақылау керек. Тамшылағышты жартылай ерітіндіге толтыру. Системаның соңғы жағын төмен түсіріп. Түтікшені ерітіндіге толтырып, қысқышты жабу. Инені қалпағымен бірге кигізу.
Науқасты орындыққа отырғызу немесе кушеткаға жатқызу, қолын клеенкалы жастықшаға қоюды сұрау, алақанын жоғары қарату, егуге арналған көктамырды анықтау, оны пальпациялау, оның көрініп тұрған ұзындығын және жол траекториясымен анықтау.
Екі ұшын жоғары қаратып иыққа бұрау салу, кәрі жілік артериясынан пульсті анықтау. Егер пульс анықталмаса бұрауды шешу. Науқасты шамалы тынықтырғаннан кейін емшараны қайталау. Науқастың жұдырығын бірнеше рет ашып-жұмуын, соңынан жұмып ұстап тұруын сұрау.
Спиртке малынған мақта шаригімен кубиталды аймақты 10см *10 см көлемде өңдеу, басқа шарикпен егілетін орынды өңдеу, осы мақтаны қолында немесе өзінің сол қолының 4-ші және 5-ші саусақтары арасына қою. Системадан инені калпағымен бірге шешу, содан кейңн калпакты шешу. Сол қолдың бас бармағымен енгізу жерінен төменгі аймақты бекіте ұстау.
Егуге таңдап алынған тамырға инені параллель қойып теріні тесу, инені алдыға қарай итеру, иненің бағытын 450 бұрышқа өзгерту. Тамырды пункциялау, иненің қуысқа енгендігін сезінуді бақылау. Тамыр бойымен инені жылжыту, иненің 1/3 ұзындығын енгізу, шприцтің поршенін өзіне тартып иненің тамыр қуысына тұрғанына көз жеткізу. Қан пайда болған кезде иықтағы бұрауды шешу.
Системадағы қысқышты ашу. Оң қолдың саусақтарымен тамшылағыштың цилиндрін қысу. Системаны иненің канюлясына жалғастыру. Қысқыш арқылы таму жылдамдығын реттеу.
Жабыстырғышпен инені қолға бекіту және енгізілген орынды стерильді майлықпен жауып қою. Көктамырға енгізу кезінде науқастың жағдайын бақылау.
Инфузияны аяқтаған соң көктамырға пункция жасалған орынға спиртке малынған мақтаны басып инені шығару. Науқастан шынтақ буынын бүгуді сұрау.
Инені алып, оны қанмен қатынасқан қалдықтар салатын контейнерге тастау. Системаның түтікшесінштативке ілу.
Пункция жасалған орынды тексеру. Егер қанның кетуі тоқтаса мақтаны алып, қолданған шприцтерді тастаған контейнерге салу.науқастың жағдайын сұрап, палаталық мейірбикенің медициналық бекетіне дейін жеткізу. Медициналық үстелденшприцтің қорабын және бос ампуланың қалдық салатын ыдысқа тастау. Медициналық үстелді сүрту. Қолғапты шешіп қолданған шприцтерді тастаған контейнерге тастау. Емшараның орындалғанын тағайындау парағына белгілеу.