ТK 3.1
Пәннің шифры: AMSTZh UIT 3330
Пән атауы: Әдебиет бойынша мектепте сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың инновациялық технологиялары
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика,
Этнопедагогика.
Постреквизиттері: педагогикалық іс-тәжірибе
Мақсаты: Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі
принціпі – оның сыныпта жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы.
Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта тілетін сабақтардың
жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану,
сурет, ән, еңбек т.б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін
қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып
отырады».
Пәнге қысқаша сипаттама: Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие
жұмыстары сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл
мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықытра және
тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін
неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын
оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын
ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын
ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың адамгершілік мінез
құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады.
Күтілетін нәтиже: Сыныптан тыс жұмыстары адамгершілік мінез құлық
тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның
оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін
балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара
қатынас жасауға те үлкен мүмкіндіктер ашады.
Құзыреті:
арнайы: Теориялық білімдерін ӛмір кӛріністерімен ұштастыру, оқушылардың
мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттыру, пәнге байланысты
тұрақты қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
пәндік: сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу;
сыныптан тыс жұмыс жүргізуде педагогикалық технологияларды пайдалану;
педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу; бақылау, алынған
нәтижелерді сараптау, зін-зі бағалау.
ТK 3.1
Пәннің шифры: BBM 3330
Пән атауы: Білім берудегі менеджмент
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Психология және
адам дамуы
Постреквизиттері: Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесі
Мақсаты: Білім беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесін оқып,
үйрену; халықаралық стандарттарда берілген білім беру ұйымдарында сапа
менеджменті жүйесі рәсімдерімен және ережелерімен таныстыру, Сапа
менеджменті жүйесі ұстанымдары туралы ұсыныстарды қалыптастыру, білім
беру ұйымдарында сапа менеджменті жүйесінің кезеңдерімен таныстыру;
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Қазіргі педагогиканың теориялық және
әдістемелік мәселелерін, педагогикалық менеджмент ғылымының негізгі
қағидалары мен санаттарын, оқыту әдістерін қарастырады. Сондай-ақ,
басқарудың қызмет жасауы мен білім беруді басқару ерекшеліктері туралы
жүйелі білімдер, болжамдық және жоспарлы құжаттарды жасаудың ғылыми
құралдарын – нақты әдістері, тәсілдері, сондай-ақ білім беру үдерістерінің
жайы мен дамуына әсер ететін әртүрлі тетіктер мен стимулдарды қамтиды.
Күтілетін нәтижелер: ұйымның дамуының мақсатты бағдарларының
қалыптастыру ретін; сыртқы ортаның ӛзгерістерін есепке ала отырып
ұйымның даму сценарийін модельдеу әдістерін; практикада ғылыми
тұғырларды, стратегиялық жоспарларды жасауды болжамдау мен
оңтайландыруды жүйелі талдау әдістерін қолдануды біліп шығады.
Құзыреті:
арнайы:
- стратегиялық менеджменттің теориялық тұжырымдамаларын;
- стратегиялық ортаны диагностикалау әдіснамасын;
-экономикалық стратегияны қалыптастырудың әдістемесін және оны жүзеге
асыру алгоритмін;
- білім беру ұйымдарының әлеуетін жұмылдыру және ұйымды басқарудың
тиімді тетігін жасау әдістерін білу іскерлігі.
пәндік:
- стратегиялық талдау жүргізу әдіснамасы;
- стратегиялық бағдарды диагностикалау әдістері;
- басқарудың нақты нысанасы үшін стратегия жасаудың практикалық
дағдылары қалыптасады.
ТК 3.2
Пәннің шифры: KAODEA3332
Пән атауы: Қазақ әдебиетін оқытудың дәстүрлі емес әдістері
Пререквизиттері: Педагогикалық мамандыққа кіріспе, Педагогика.
Постреквизиттері: педагогикалық іс-тәжірибе
Мақсаты: ақпараттың ішінен ӛзіне қажеттісін таңдап,оны пайдалану,
проблемаларды шешу және шешім қабылдау, ӛзіндік пікір,идеялар,
тұжырым, түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу, ауызша және
жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу,
жанжалдарды болдырмау, ӛмірге деген кӛзқарасын, ұстанатын сенімдерін,
қажеттіліктерін,
құндылықтарын
жалпы
адами
құндылықтармен
байланыстыру, ӛздігімен үйрене білу, ӛз білімін әрқашан да дамытып отыру.
Пәнге қысқаша сипаттама: Интербелсенді оқу/оқыту-әрекетпен және
әрекет арқылы оқу\оқыту, ал мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге
жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді, ӛйткені адамның жадында
бірінші мезетте тек ӛзінің әрекеттері мен ӛз қолымен жасағаны ғана қалады.
Күтілетін нәтиже: Мектепте оқытудың белсенді түрлерін қолданудың басты
дәлелі белсенді түрде оқу мен сыни ойлау ӛмірде қолданыс табатын білім
береді.
Құзыреті:
арнаулы:
-
Оқу/оқыту қысқа мерзімде ақпараттың кӛлемді білігін тиімді түрде
ұсынатын,сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада
бекіте алатын әдістерді қолдануды талап етеді.
-
оқу-танымдық процестің заңдылықтарын негізге ала отырып,
оқушының танымын кеңейтетін, ойлауын дамытатын, тілін
дамытатын танымдық, лингвистикалық, дидактикалық, пән мен оның
ішіндегі жекелеген тақырыптардың ӛз ерекшеліктерінен туындайтын
әдістер мен тәсілдер жүйесін тиімді қолдана білу іскерлігі.
пәндік:
-
мектепте білім берудің әр кезеңінде қазақ әдебиетін интербелсенді
әдістермен оқытудың мақсат-міндеттерін анықтай алу іскерлігі;
-
интербелсенді оқытудың шарттары мен ережелерін меңгеру, қазақ
әдебиетін оқытуда мотивация тудыру, сәттілікке бағытталу, бірлескен
топтық жұмысты, интербелсенді оқытуды ұйымдастыра білу.
ТK 3.2
Пәннің шифры: ZhAOA 3332
Пәннің атауы: Жетісу әдебиетін оқыту әдістемесі
Пререквизиттерi: Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті
Мақсаты: Жетісу
әдебиетін
тануды
жалпы
қазақ
қаламгерлері
шығармашылығымен байланыстыра қарастырып, қазақ әдебиетінің
ӛркендетудегі қызметін айқындау, кейінгі әдебиеттегі асыл арналарын
жүйелеу.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Жетісу ӛлкесі әсем табиғатымен ғана
емес, жыр мен сырға, ән мен күйге, ӛлең мен ӛнерге толы сан ғасырлық
шежіресімен де ерекшеленеді. «Айтыс ӛнерінің жұлдыздары» атанған
Бақтыбай, Қуат, Сара, Қалқа т. б. ӛнер тарландарының сӛз маржандарын оқу
арқылы кӛркем әдебиетке, халықтың бай әдеби мұрасына деген құштарлық
арта түсуі заңды. Жыр дүлдүлі атанған Ілияс Жансүгіровтың ӛнегесін ұстана
келген Ғали Орманов, Әділбек Абайділданов, Қанипа Бұғыбаева, Сәкен
Иманасов сынды ақындарымыздың ӛлеңдерін, Әнуар Әлімжанов, Сайын
Мұратбеков, Бексұлтан Нұржекеев сияқты жазушыларымыздың прозалық
шығармаларын оқи отырып, туған ӛлке келбеті, тарихи тұлғаларымыздың
тағдыры жайлы деректермен, ӛлке тынысымен танысады.
Күтілетін нәтиже: Жыр дүлдүлі атанған Ілияс Жансүгіровтың ӛнегесін
ұстана келген Ғали Орманов, Әділбек Абайділданов, Қанипа Бұғыбаева,
Сәкен Иманасов сынды ақындарымыздың ӛлеңдерін, Әнуар Әлімжанов,
Сайын Мұратбеков, Бексұлтан Нұржекеев сияқты жазушыларымыздың
прозалық шығармаларын оқи отырып, туған ӛлке келбеті, тарихи
тұлғаларымыздың тағдыры жайлы деректермен, ӛлке тынысымен танысады.
Құзыреті:
арнайы:
- қазақ әдебиетінің ілгері жылжуын ғылыми тұрғыда бағалау мен саралау
жолдарын меңгеруі, қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесіне ӛзіндік тұрғыда баға
беру, жаңа тұжырымдар айта білуі;
пәндік:
- Жетісу жеріндегі проза жанрының қалыптасып, дамуының обьективті
себептерін ашып, айқындай алуы;
- кӛркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі
сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілерін білуі.
- қаламгер туындыларымен танысып, ондағы дәуір демін, қоғам шындығын
айқындай білуі;
ТK 3.3
Пәннің шифры: Abai 3333
Пәннің атауы: Абайтану
Пререквизиттері : Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті
Мақсаты: Абай поэзиясы-ӛз заманындағы қоғамдық ӛмірдің ең кӛкейтесті,
ең маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. Оның ӛлеңдерінде,
қарасӛздерінде қазақ ӛмірінің кӛркемдеп бейнеленген телегей шындығы бар.
Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен мәдениеті тарихында ӛзінше
бӛлек, ӛресі аса биік, мүлде жаңа ой, кӛркем сезім әлегін ашқанын таныту
курстың ең басты мақсаты. Ақынның аударма саласындағы
жетістіктерін, еркіндігін, талантын,поэма жазудағы мақсатын,нәзиралық
дәстүрді жаңаша жаңғыртуын талдап түсіндіру.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Абай мұрасының жазылу тарихын,
себебін, ақын мақсатын, идеясын танып, шығарма құрылымының жүйесін,
кӛркемдік, тілдік, эстетикалық ерекшелігін аңдатып, мектеп бағдарламасы
кӛлемінде алған түсініктерін тереңдетін, болашақ мамандарға қойылатын
талап деңгейінде абайтану ғылымының қыр-сырын танытып, теориялық
тұрғыда талдай білуге үйрету, талап қою пәннің бірден-бір алғышарты
болмақ,
Күтілетін нәтиже:
-Абайтану тарихымен терең танысу
-Абай поэзиясының жұмбақ қыр-сырын түсіну,
-ӛлеңдерін поэтикалық тақырыптық - идеялық, кӛркемдік, тілдік тұрғыдан
талдау
- Абай реформаторлығының сырын ұғыну.
-Абайтану ғылымының тарихын, жетістіктерін, бүгінгі бағытын аңдау
Құзыреті:
арнайы: ұлттық әдебиеттің жалпы даму жолы, белесті кезеңдері, кӛркемдік-
эстетикалық мәселелері жӛнінде түсінік қалыптастыру; ағымдағы әдеби
процестің жай-күйінен жаңа мәліметтер беру.
пәндік: Ақынның поэзиясын тақырыптық-идеялық, кӛркемдік-эстетикалық,
жанрлық, құрылымдық, тілдік-бейнелілік тұрғыдан талдау, ақынның қазақ
ӛлеңіне енгізген жаңалығын, реформаторлығын, ұлттық әдебиетті
дамытудағы ролін айқындау.
ТK 3.3
Пәннің шифры: Mag 3333
Пәннің атауы: Мағжантану
Пререквизиттері : Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті
Мақсаты: Мағжан шығармаларының әдебиеттегі орнын айқындап, белгілеу,
ӛлеңдерінің негізгі сипаттарын ашып крсету. Ақын
поэмаларының
жанрлық-тақырыптық, идеялық-кӛркемдік ерекшеліктерін жете зерттеп,
оларды бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау. Мағжан Жұмабаев
шығармаларын жан-жақты талдау арқылы оның әдеби процестегі маңызын
крсету, қазақ әдебиеті тарихындағы алар орнын пайымдау.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Мағжан Жұмабаев қаламынан туған
дүниелер - халық үшін таусылмас қазына. Мағжан поэзиясының, оның
суреткерлік шеберлігі, ақындық ой асқақтығы, кӛркем тіл үлгісі, стилінің
даралық ерекшелігі - оның жыр әлемі адам жанының нәзік қатпарларына
еркін сіңісіп, мейірімділік пен сұлулыққа жетелейтін бояуы ашық, нақышы
әсем кең тынысты, ғұмырлы, мәңгілік жыр-толғауында.
Күтілетін нәтиже: Мағжан Жұмабаев шығармаларын жан-жақты талдау
арқылы оның әдеби процестегі маңызын крсету, қазақ әдебиеті тарихындағы
алар орнын пайымдау.
Құзыреті:
арнайы: альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру,
сыни тұрғыдан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды игеруге қабілетті
болу;
пәндік:
- автордың идеялық - адамгершілік концепциясын анықтау мақсатында
оқытылатын шығарма кейіпкерлерін салыстыра отырып қарастыра білуі;
- жанрды, шығармаларды, кейіпкерлерді, сондай-ақ оларда кӛтерген
келелі мәселерді, кӛркемдік ерекшеліктерін салыстыра отырып қарастыруы;
- әдеби сын – зертеулерге тезис және конспект жасай білуі.
ТK 3.3
Пәннің шифры: Muk 3333
Пәннің атауы: Мұқағалитану
Пререквизиттері : Әдебиеттануға кіріспе
Постреквизиттері: Қазіргі қазақ әдебиеті
Мақсаты: Қазақ жырының құдіреті атанған ақын шығармашылығын жан-
жақты зерделей зерттеу мүмкіндіктері туды. Әдебиетші маман ретінде
ақынның азаматтық бейнесін туындылары арқылы таныту.
Пәнге берілген қысқаша сипаттама: Мұқағали Мақатаев-қазақ
поэзиясында ең оқырманы кӛп, қалың халық басты жанашыры болған ақын.
Қазақ жырының құдіреті атанған ақын шығармашылығын жан-жақты
зерделей зерттеу мүмкіндіктері туды.
Күтілетін нәтиже:
-
студенттерді талдай білуге үйрету;
-
лириканы оқыту жолдары мен әдіс-тәсілдерін меңгерту;
-
ақын шығармаларының ӛзіндік ерекшеліктерін игерту.
-
оқыту әдіс-тәсілдерін үйрету.
- Мұқағали шығармалары арқылы ақын-лирикті, ақынның ӛзін таныту;
Құзыреті:
арнайы: педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы
білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік
серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болу.
пәндік: М.Мақатаев шығармашылығын меңгеру; шығармаларының идеясын,
кӛркемдік ерекшелігін талдай білу; әдебиетші маман ретінде ақынның
азаматтық бейнесін туындылары арқылы танып білуі, кӛркемдік кӛкжиегін
анықтау.
ТК 3.4.
Пәннің шифры: KTTG 4338
Пән атауы: Қазақ тілінің тарихи грамматикасы
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіріг қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі
қазақ тілі лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, қазіргі қазақ тілі
синтаксисі
Постреквизиттері: педагогикалық іс тәжірибе
Мақсаты: қазіргі қазақ тілі бойынша алынатын білімді тереңдете отырып,
қазақ тілінің тарихи лексикалық қоры мен құрамын, толығу жолдары мен
жүйесін, тіл тарихының қалыптасу, кемелдену жолындағы фонетикалық
ӛзгерістердің
рӛлін,
этимологиялық
және
этнолингвистикалық
ерекшеліктерін, сӛзжасам жүйесі мен оның теориялық номинациялық
қисындарын, грамматикалық құрылымындағы тұлғалық және қызметтік,
мағыналық ӛзгерістердің себебі мен салдарын, сӛз және сӛйлем
құрылымының күрделену сипатын т.б. ғылыми негіздеп кешенді түрде
оқыту.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Тілдің бүкіл құрылымындағы тілдік
бірліктерді, олардың қалыптасу, даму жолы мен тіл жүйесіндегі тарихи
ӛзгерістерді қарастырады. Тарихи грамматика пәнінің негізгі теориялық
тұжырымдары кӛне әдеби жазба ескерткіштер тілі мен халықтың сӛйлеу тілі,
диалектілік ерекшеліктері негізінде жасалады. Сондай-ақ адамзат тілі даму
сатысының ең кӛне, ежелгі замандардағы қалыбын да ретроспективті,
перспективті, типологиялық, салыстырмалы-тарихи т.б. әдістер арқылы
жобалап, бағдар жасайды.
Күтілетін нәтижелер: студенттер қазақ халқының этногенездік құрамына
сәйкес халық тілінің қалыптасу ерекшеліктерін, тіл дамуының негізгі
кезеңдері мен жолдарын білумен қатар, қазіргі қазақ тілінің құрылымынан
жаңа құбылыстар мен кӛне тілдік күйдің қалдықтарын ажырата білуі, қазіргі
тіл құрамындағы синонимдік, антонимдік, кӛп мағыналылық құбылыстардың
болу себебін, омонимнің, варианттардың, дублеттердің пайда болуы мен
оның ерекшеліктерін ғылыми тұрғыда түсіну қажет. Сондай-ақ, Орхон-
Енесей жазба ескерткіштері мен ортағасырлық мұралар тілін лексикалық,
фонетикалық, грамматикалық жағынан талдай білу, қазіргі қазақ тілімен,
басқа түркі тілдерімен салыстыра отырып, даму ерекшеліктерін саралауы,
этимологиялық, этнолингвистикалық талдаулар жасай алуы қажет.
Құзыреті:
арнайы:
- қазақ тілі грамматикалық құрылысының тарихи дамуын зерттеудің негізгі
кезеңдерін біліп шығады;
- этнолингвистиканың негізгі мәселелерін меңгеріп шығады.
пәндік:
- фонетикалық жүйенің негізгі ерекшеліктерін;
- тарихи лексикология мәселелерін;
- қазақ тілінің тарихи сӛзжасамын;
- тарихи морфология мәселелерін,
- тарихи синтаксис мәселелерін біліп шығады.
ТК 3.4.
Пәннің шифры: KATT 4338
Пән атауы: Қазақ әдеби тілінің тарихы
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіріг қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі
қазақ тілі лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, қазіргі қазақ тілі
синтаксисі
Постреквизиттері: педагогикалық іс тәжірибе
Мақсаты: әдеби тіл ұғымы, сипаты, қоғамдық қызметі, түрлерін ажырата
білуі:әдеби тілдің нормаларын меңгеруі;әдеби тілдің кӛркем әдебиетімен,
функционалдық стильдермен арақатынасын ажыратуы;қазақ әдеби тілінің
қалыптасуы және даму кезеңдері жӛніндегі ғылыми кӛзқарастармен таныс
болуы.
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Қазақ әдеби тілі тарихының қалыптасу
және даму кезеңдері, қазақ әдеби тілі нормалары мен оның түрлері жӛнінде
ғылыми тұрғыдан жүйелі білім беру мақсаты мен міндетін кӛздейді.
Күтілетін нәтижелер: болашақ филолог мамандардың ұлт тілінің ең жоғары
даму кӛрсеткіші - әдеби тіл мен оның жалпыхалықтық тілін, ауызекі сӛйлеу
тілімен арақатынасы сияқты мәселелердің теориялық-практикалық негізін
ұғыну аса маңызды болып табылады.
Құзыреті:
арнайы:
- қазақ әдеби тілінің қалыптасуына негіз болған тарихи арналарды білуі;
- тарихи арналар мен қазақ әдеби тіліндегі тілдік дәстүр жалғастығын;
- қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы халықтық дәуірді;
- қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы ұлттық дәуірді біледі;
- қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерін;
- қазақ әдеби тілінің әрбір даму кезеңдеріндегі әдеби тілдің сипатын, ӛзгерісін,
дамуын, нормаларын меңгереді.
пәндік:
- қазақ әдеби тілі дамуының негізгі кезеңдерін білуі;
- түрлі кезеңдердегі мәтіндерде кезеңдерде кездесетін тӛл және тума
бірліктердің қатынасын білуі;
- түрлі кезеңдердегі мәтінді сараптау дағдысына ие болуы.
ТК 3.4.
Пәннің шифры: CG 4338
Пән атауы: Салыстырмалы грамматика
Пререквизиттері: Тіл біліміне кіріспе, Қазіріг қазақ тілі фонетикасы, Қазіргі
қазақ тілі лексикологиясы, Қазіргі қазақ тілі морфологиясы, қазіргі қазақ тілі
синтаксисі
Постреквизиттері: педагогикалық іс тәжірибе
Мақсаты:
Пәннің қысқаша сипаттамасы. Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты
немесе жеке түркі тілінің ӛзіндік ерешелігі жайлы айтпас бұрын олардың
бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды.
Ӛйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл
оларды басқа тілдік самьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады.
Күтілетін нәтижелер: түркі тілдерінің зерттелуін меңгереді, түркі тілдерінің
жалпы сипаттамасын біледі, жеке түркі тілдерінің ӛзіндік ерекшеліктерін
жан-жақты, терең қарастыра алады, тілдік туыстық ерекшеліктерін
анықтайды.
Құзыреті:
арнайы:
- теориялық талдау жасай алуы;
- ӛзіндік пікір айта алуы;
- негізделген және қалыптасқан теориялық білімдерін жинақтай білуы.
пәндік:
- түркі тілдері, оның жалпы сипаттамасын білуі;
- алған білімдерін практикада қолдана білуі;
- жеке түркі тілдерінің ӛзіндік ерекшеліктерін жан-жақты, терең қарастыруы;
Достарыңызбен бөлісу: |