Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: Adebiportal@gmail.com 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
Бәйтерек
Түбіне тіршіліктің тағдыр ие,
Тәңірдің ғұзырында бар дүние.
Қызыл тіл қара тасты балқытады,
Келгенде қыл қобыздай зар күйіне.
Сүрінбес, су төгілмес тілім жорға,
Атасы ақпа жырдың, пірім, қолда!
Шақырып аруағыңды, атыңды атап,
Өзіңе сыйынбаған күнім бар ма!?
Өлеңнің ақтангері арғы бабам,
Басынан ешкім асып қарғымаған.
Түсімде Тәуелсіздік Падишасы,
Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!
Сенемін асыл сөздің тозбасына,
Жетеді ез бақытым өз басыма.
Күбірлеп құлағыма жеті түнде,
Қоймады осы жырды жазбасыма!..
Қолыңда жүйрік қалам жарқылдаса,
Сөзіңді арманың не ел тыңдаса!
Кеудемде көз баршығар қайнап жатқан,
Тамшысытандайымның сарқылмаса!...
ІІ
Жаныма жақындасаңмұңдасыңмын,
Келмейді ендіешкімнен сыр жасырғым.
He пайдадүниенің кеңдігінен,
Болмасабостандығы бір басыңның.
Шүкірлікжарылқаған Аллаға мың,
Маңдайы жарқырадыкең даланың.
Тәуелсіз атқантаң мен шыққан күннің
Кереметқұдіретіне таң қаламын.
Айығып ой тұманнан,сана бұлттан,
Жазылды ескіжара жан ауыртқан.
Азаттық аясында қандайбақыт,
Тәуелсіз тынысалып, ауа жұтқан.
Тарихты
қазып қайтемсан айтылған,
Ақ сарай талай қирап, талай тұрған.
Түгендеп аларөзі керек қылса,
Асықпай артық-кемінсанайтын жан.
Халқымның сан ғасырлық ғұмыры да,
Уақыттың жүкболмапты жұмырына.
Армысың,Азаттығым, қыран қанат,
Қалықтап қайта қонғантұғырына.
Қаймықпай тас қамалдан,мұз бөгеттен,
Жарқ етіп түскендейсің бізге көктен.
Жолында жорықсалып бабаларым,
Арыстар аласұрыпіздеп өткен.
Аруақтар аунаптүсті тебіренген,
Сақтасын жатқақайта телігеннен.
Алмастайжарқылдаған ақ жүзіңді,
Адамда арманболмас көріп өлген!
Тағдырын тәлкек қылыпайлалыға,
Талайлар туражолдан таймады ма?
Шынжырдашырайналып тұрса-дағы,
Ит қана семіредітойғанына.
Қайратың қаратасқа қайралғандай,
Қай кезде төртқұбылаң сай болғандай.
Құлқынның құлдарынақарағанда,
Пақырдыңпарасаты пайғамбардай.
Туған ел,жаралғалы не көрмедің,
Көрейінкөсегеңнің көгергенін.
Қиырдақыршындарың қалды қанша,
Бұйырмай біржапырақ сенен кебін.
Көзіндейбабалардың, бағзы мекен,
Бас иіптау-тасыңа тағзым етем.
Шиырыозбырлықтың шым-шытырық,
Соқпағыәділдіктің жалғыз екен...
ІІІ
Жеткізбес құдай сүйсе баққа кімді,
Қарыны ақ түйенің ақтарылды.
Ат шаптыр, аруақ шақыр, тойла, қазақ,
Тәуелсіз Президентің таққа мінді.
Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ,
Ел болып еңсекөтер, күш қыл, қазақ.
Сиырдыңбүйрегіндей бытырасаң,
Қашанда көреркүнің мүшкіл, қазақ!
Тажалдың тамағы боп игілігің,
Заманның көрдіңсалған қиғылығын.
Еркіңде қалай бұрсаң аттың басын,
Өзіңе өзтізгінің тиді бүгін!
Жүндеген жуандыда, жуасты да,
Бодандық батты мәңгісу астына.
Ұлтболсаң ұятың бар, иманың бар,
Ал, ендіжиналындар Ту астына!
Бір Алла тілегіңді етсе қабыл,
Бітеді кораңамал, бақшаңа гүл.
Төріңе түгелшығып қасқа-жайсаң,
Кенелсінабыройға патшаң әділ!
Қолдаса игіжақсы ел ағасы,
Патшаның халыққатең дара басы.
Қырағы көптің көзін байлай алмас,
Тағдырдыңтұмшалаған томағасы.
Биліктің жалынакім жармаспаған,
Серкелерсүрінбесін ел бастаған.
Періште алтынкөрсе жолдан тайып,
Тонаса өзін-өзіоңбас қоғам.
Ежелгі жұрт едікқой дүркіреген,
Хандары күн астында күркіреген.
Көтеріп төбесінесыйласқанын,
Тулақтайегескенін сілкілеген.
Жасайды өздегенін озған заман,
Құбылып, қылаң ұрып көзді алдаған.
Тау құлап, орман қурап, теңіз көшер,
Тағынан Тәңірғана қозғалмаған.
Келмейді адамзатқақайғы алыстан,
Соны айтыпқамықпады қай данышпан?
Елдігін сақтайалмас енжар халық,
Қулықпен, сұмдықпененайналысқан.
Арасын
бақ пенсордың көрді көзің,
Арындап асқақтайтынкелді кезің.
Көлденең көк аттылар басынбай ма,
Тарпаңдай танытпаса ел мінезін?
Кең ашыпберекеге есігіңді,
Түзетіп, тербетебіл бесігіңді.
Сан ғасыр бұршақ салып мойыныңа,
Құдайдан тілепедің осы күнді!
Бүгіліп тізебүкті белдескенің,
Өлгенің қайтатуып, жанды өшкенің.
Бұлқынғанқасіретті қынабында,
Суырдыңнамысыңның наркескенін.
Томирис, Еділпатша, Елтеріс хан,
Аңсаумен еркінөмір арпалысқан.
Жете алмай жерұйыққа Асанқайғы,
Желдіртіпжелмаясын жер тауысқан.
Жерұйықіздемесең таптыра ма,
Бұйырар бір түпжусан тоқтыға да.
Қызырды кіріпкелген танымасаң,
Басыңа байырқалапбақ тұра ма?
Бұтағы бойламасакүнге қарай,
Халық бір қаусапбіткен қу қарағай.
Қандағықасиеттен айырылсаң,
Қалмайды қуғанқырсық құлғанадай.
Тірісің-туғанана тілің барда,
Өлісің-түптамырың жұлынғанда.
Қуатты күннің нұры құтқармай ма,
Жас өркенүскірікке ұрынғанда.
Жоғалса қызданиба, ұлдан иман,
Кең далаң кімгекерек құр далиған.
Жолында Бостандықтыңтөгілген қан,
Кетеді судай заяқұмға құйған.
Кезеңде киқусалып жау қаптаған,
Тұлпар жоқомырауын шаң қаппаған.
Ешқашанеңкеймейді елдің туы,
Ерлерібірін-бірі ардақтаған!
Адамға түсірмесеадам жарық,
Тірлікті түнекбасар қараң қалып.
Қақжарған қарақылды билік барда,
Қашандапатшасына адал халық!
Өмірдіңажыратпай ақ-қарасын,
Шарадай шайқағанкөп шақша басын.
Әлек боп елбасқару әркімге оңай,
Халыққа Көсемболу патшаға-сын!
IV
Қисыны келеліістің дер шағында,
Күш-қуат келідеемес келсабында.
СөйлейдіНазарбаев Нұрсұлтанбоп,
Көк тулы Қазақстанжер шарында.
Шарпысып жаңадәуір ескіменен,
Көз көрді хикіметті естімеген.
Елбасы шарқ ұрады шартарапқа,
Қырандайбалапаны кеш түлеген.
Аңдиды қырдан қатер,ойдан қырсық,
Суырмай саясат жоқмайдан қылшық.
Қазақты кімсүйемек қолтығынан,
Тобықтан дұшпан қағып,тайғанда ұршық.
Ұрынса ұлан-асырғазауатқа,
Жанады жалғыз қалыпқазақ отқа.
Шақ туды шамырқанып шамданатын,
Ойлаған елдің қамыназаматқа.
Әр күні, әрсағаты толғаныста,
Түсіп тұр ауыр салмақ ар-намысқа.
Азуы алты қарысалпауыттар,
Ұксайдыталап жейтін жолбарысқа.
Сабаздарсаясаттың майын ішкен,
Арбайды қулықторын жайып іштен.
Келеді қанжығағабөктергісі,
Шықпасаойларынан ойың үстем.
Алдаудан жатса-тұрса жазбайды олар,
Тұмсыгы олжа тапса тез майланар.
Көліне көлкіпжатқан байлығыңның,
Шақырсаң қатар-қатарқаздай қонар.
Жебемей асылмақсат, асқақарман,
Жетер ме мұратына тосқан алдан.
Аруағыбабалардың кешірер ме,
Бақыттанайырылса басқа қонған.
Жаңылса жарастықтыңжүлгесінен,
Өрт қоярөшіккендер іргесінен.
Көңіліненадамзаттың шыға алар ма,
Көрінбейпарасаттың мінбесінен.
Зулаған зымыраноғы заманада,
Зорлығы зұлымдықтың жоғала ма?
Қарудан ядролықбас тартпаса,
Маза жоқ мұңғабатқан Жер-Анаға.
Қараса Қазақстаналабына,
Құрамы қырық қылау- ала-құла.
Оп-оңай ортажолда арба сынар,
Тас тиседөңгелектің шабағына.
Жұрт тынышпәле-жала зораймаса,
Ызадан қаны қайнапқараймаса?
Қауқарсыз қаңбақемес халық деген,
Жөңкілежосылатын жел айдаса.
Шаң тұрса шындық атты шарайнаға,
Көреді өзкелбетін қалай ғана.
Таба алмай ақиқаттыңалтын кілтін,
Өкініп өткен жоқпа талай дана.
Түсіп тұр азаматтың бағы сынға,
Тірліктің толқынатқан ағысында.
Айнымай әділеттіңақ жолынан,
Toп жардығасырлардың тоғысында.
Көненің қалыпқоймай шиырында,
Жол таптыасулардың қиынында.
Жұртының аманатыжүрегінде,
Дәуірдің ауыржүгі иығында!
V
Соққандазамананың көк дауылы,
Ел түгіл солқылдайдыжер бауыры.
Көппенен біргекөрер не көрсе де,
Құдайдың қатардағыол да құлы.
Халықтың қарықболса қағанағы,
Керілеркерегенің сағанағы.
Ауылдан алақашар түк таппаса,
Қу басты қасқырмұжыр даладағы.
Ошақтың оты шалқыпқазан асқан,
Ондалар шалыс қадамжаза басқан.
Төндірді қарааспанды әлдекімдер,
Қырыла қалатыңдайқазақ аштан.
Көп үшін кімболғаны күйінбесе,
Ұршықтайқиындықты үйірмесе?
Сапырған қара бұлттықанатымен,
Дауылғадауылпаздай шүйілмесе?
Қамалдың қабырғасықұламаса,
Тағанын дейалады кім аласа?
Қираған құм шөлмектей коғам кейпі,
Қиюын қайтатауып құрамаса.
Мұндайдасодырлар мен сумақайлар,
Тайраңдап ел үстінде күнде тойлар.
Сұңқардың желкесіне сұқсыр мініп,
Құланның құлағындақұрбақа ойнар.
Мыңқ етпес мәңгүртпенен маубас қана,
Сұр жылан іштен шықса-сол масқара.
Жармасса жаужағаға, бөрі етекке,
Жер үсті, аспанасты болмас пана.
Арсызғаберсең-жақсы, алсаң-жаман,
Алдынаарамдықтан жан салмаған.
Көршінің қолтығынасу бүркеді,
Атақаз атамаңдар алшаңдаған.
Тату жұрт бірі-шекер, бірі-балдай,
Жарылыпжауласатын түрі бардай.
ҚызуыОңтүстіктің өрге шауып,
Солтүстіксіреседі сүрі қардай.
Болысса иілместіТәңір иер,
Таланса тар ноқтанытағы киер.
Көсеудің екібасы бірдей ыстық,
Қай ұшын ұстаса да қолы күйер.
Бермесепендесіне Алла сабыр,
Бәрі деарпалыстың далбаса құр.
Топалаңтиылмайды тентектерді
Келтіріптәубасына алмаса бір.
Адалдық арамдықтыңқолын қағар,
Күн келер күткенүміт орындалар.
Ұлтыныңтабанынан ызғар өтсе,
Ұлтарак,ұлтаны да болуға бар!
VI
Дүние келебермес шырайналып,
Бел будытәуекелге мың ойланып.
Алдында болашақтың беті жарық,
Еңбегіеліне-аян, құдайға-анық.
Шайқасып атажаумен сан кезенген,
Бабалар кешіпөткен қанды өзеннен.
Байқаса, шығатұғынжол біреу-ақ,
Бұралаң тайғақкешу, тар кезеңнен.
Fасырдакөтерілген
намыс тудай,
Алаштың бағыжанбас арыс тумай.
Орнықпас еліргесі, астананы
Байтақтыңортасына ауыстырмай.
Мақсаттан көзі жеткен тартына ма,
Біледі түсетінінталқыға да.
Басқалартүсінбесе түсінбесін,
Түбіндетүсінетін халқы ғана.
Көңілі тебіренсе домбырадай,
Төгілмес құлақ күйін оң бұрамай.
Атадан арыстанбоп туғанменен,
Тұтқасын ұстата ма тағдыр оңай?
Кең дала қанжылағанқасіреттен,
Қазақтың қашанкөзден жасы кепкен?
БайланыпБостандықтың қол-аяғы,
Кененің қанжығадабасы кеткен.
Ту тігіп Абылайаспас сарыбелге,
Кек қайтып,бастар ме екен елін ерге?
Сарыарқа-айқастардыңсахнасы,
Сенделтіп салғанталай әбігерге.
Алысса ауыздықпенарда көңіл,
Тартуға қайғыдеген арба жеңіл.
Қобызға үнін қосыпкүңіренеді,
ЕжелгіҚазтуғаннан қалған Еділ.
Созылып copөзені содан бері,
Арнасы аққансайын тереңдеді.
Ойласа Орынбордыопынатын,
Алаштың арысымен кемеңгері.
Жер қайда қиыпалып қылғытпаса,
Шындыққа шарабар ма шыр жұқпаса?
Қазақтыңастанасын аярлықпен,
Ақмешіт,Алматыға сырғытпаса?
Жендеттержаралғалы кімді аяпты,
Көгендеп кәрі-жастыбірдей атты.
Кәмпеске, ашаршылық,отыз жеті-
Кінәсіз халық қанысудай ақты.
Қорқаудыңқиянаты ел есінде,
Ойнаған төртаяғы төбесінде.
Аштық пен оқтанқалған ақ сүйектер,
Ғасырдыңкөлденең тұр өңешінде.
He керек қайранелін еңіретті,
Өлгеннің орнынаәкеп егін екті.
Қараса, тарихбеті таңдак-таңдақ,
Түскендейжазылмайтын теміреткі...
VІ
Саңқ еттіАлатаудың мұзбалағы,
Жаңғырып жартасбіткен, күз қарады.
Шарықтап шырқаукөкте жүрді-дағы,
Бетке алыптартып кетті түз даланы.
Тұр міне, Үшқоңырда-өзі шыңда,
Ақиық барады ағып көз ұшында.
Қыранды құспатшасы деп атайтын,
Айналды бұрынғының сөзі шынға.
Ақиық Алатаудың иесі ме,
Көк аспан соған ғана тиесі ме?
Сияқты Абылайдыңақ бурасы,
Көрінген әлдеөзінің киесі ме?
Аспанда атқан оқтайқұс ағады,
Еске caпқасиетті нысананы.
Қанатын солқыранмен бірге қағып,
Қиялы қияндарға ұшады ары.
Кеткендей елесберіп әлгі қыран,
Қайыспас қайсарердің тағдырынан.
Шыққан күн көккеөрмелеп бара жатты,
Әлемнің алтынзерлі сандығынан.
Суырмай бұлттарбүгін алдаспанын,
Шыңдар да құра қапты малдастарын.
Қаз-қатар қолын жайып, бата беріп,
Тілеуінтілегендей марғасқаның.
Көз тікті көктіреген Талғар шыңға,
Асқар жоқ оданасқан алды-артыңда.
Биікке біршықпаған бейшаралар,
Тәккаппар таудың сырын аңғарсын ба?
Шығатын еңшыңына шыдағандар,
Арманның шырқауындай мына заңғар.
Біржола құз түбіндеқалады екен,
Биіктен басыайналып құлағандар.
Тимеген сауырынапенде аяғы,
Орнында Хантәңірісол баяғы.
Тәңірдің тақытыңдай аспандағы,
Асқақтап тұрған шығар тау нояны.
Жұлдыздай жарқырамайбір кемерден,
Жалғанныңқызығына кім кенелген?
Жорып тұр жақсылықтың нышанына,
Ғажапты түсіндегі түнде көрген.
Түрі бар"Қарасайлап!" қонған атқа,
Ешкім жоқ оңқанатта, сол қанатта.
Түседі Көктіңнұры шағылысып,
Қолында жарқылдағаншарболатқа.
Тұлпардың тұяғынанжер сөгіліп,
Алдынан жауқашады төңкеріліп.
Үн
қосып ұрандаған даусына,
Жан-жақтан құйылады ел төгіліп.
Бір сәтте күнкүркіреп жел шақырды,
Айдаһар ысқырынған қарсы атылды.
Қылышпен керетартып қалғаныңда,
Көмейі кесепаттың қан сапырды.
Құтылып жалаңдаған жау-жаладан,
Еседі салқынсамал кең даладан.
Басына Хантауының алып шықты,
Қалың ел Ханкөтеріп қаумалаған.
Ажалға қарсышауып жанға төнген,
Қазағы аман қаптысан қатерден.
Ескі жұрт екендейді сол баяғы,
Керей мен Жәнібектіхан көтерген.
Жар болыпжаратушы Алла бұлай,
Аруағыбабалардың қолдауын-ай!
Хан келіп алтынтәжді тіл қатады,
Күлтегін,Әз-Жәнібек әлде Абылай:
-Ал, балам,бекем ұста ел тұтқасын,
Тағынды Тәңірсенің толқытпасын!
Оралып шалғайыңабақ пен дәулет,
Қысылсаң Қызыркеліп қолтықтасын!
Бөгде жұртбасынуды жол тұтпасын,
Ұстасын өзатының тартып басын.
Кеткендер шығабере сырт айналып,
Келгендер қоржыныңақол сұқпасын!
Ер жігіттуғаннан соң елге-қанат,
Өзіңе байтақдала енді аманат!
Тасыған дарияданөте алмассың,
Іздесең таяз өткелжар жағалап!
Атаның ақжолынан айнымастан,
Арыстар арпалысқанайбыны асқан.
Нағыз ер намысыбар халқын ойлар,
Кіргенше қаражерге қойнын ашқан!
Осылай аян бердіхан бабасы,
Жұмбағын білебермес жан баласы.
Керуені көпзаманның көлбең қағып,
Көшеді көзалдынан тау-даласы.
Күркіреп жауаркүндей қанша қаған,
ӨздерінТәңірімен тең санаған.
Халқының қотыртайын жегізбеген,
Қасқырдай кеп дұшпанға анталаған.
Естеми, Бумын,Білге, Күлтегінге,
Жетеді адамзаттакім тегінде!?
Тасқа ойып жазыпкеткен өсиеті,
Қасқайып қара жердің тұр төрінде!
Арт жақта ұрпақ бар деп жоқтап алар,
Айтарын түгел айтып кеткен олар.
Тәндері топырақта жатқанменен,
Жандары жайсаңдардың көкте болар.
Уақыттың кім батпаған тереңіне,
Елім деп еңірепті ер Едіге.
Жұртының желжағына жанын тосып,
Солардай бола алмаса керегі не?!
Ерліктің өшкенеді салты қашан,
Өмірі қаһарманның халқына тән.
Түбіне солардыңда жеткен жоқ па,
Айыр тіл, алаауыздық алты бақан?
Өткеннің өкініші өткір қандай,
Мәңгілік есте сақтадеп тұрғандай.
Бес күндік берекесіз боқ дүние,
Дариға, кімдерге опа таптырғандай.
Мойнындамүскіндердің талай күнә,
Төндірген соқыр тұманарайлыға.
Арс етіп алатүссе таң қалмайды,
Қапқандар Абылайды, Абайды да.
Көп болса сөз батады жалқы жанға,
Қызғаныш қызыл өрті шарпығанда.
Шаң жұғып шашасына көрген емес,
Артыңда асқартаудай халқы барда!
Иілмес батса-дағы басы қанға,
Қашанда батыр халық жасыған ба?
Жағаны жуып-шайып кетпес пе еді,
Арындап асау өзен тасығанда.
Жұртының жеткізбесе баққа қолын,
He керек иеленіп тақтан орын?
Патша аз ба пәтуасыз ғұмыр кешкен,
Кім іздер құнсыз басын жоқтап оның?
Көк семсер жарқылдамас жүз болмаса,
Көсемнің несі көсем із қалмаса?
Сірессе тағдыр деген суық мұхит,
Кемедей күтірлетіп мұз жармаса!?
Көсем бе көптің сөзін айта алмаса,
Түскенде ауыр салмак қайқаңдаса?
Түгендеп төңіректің төрт бұрышын,
Есесін елдің кеткен қайтармаса?!
Қалады
көпке берген анты қайда,
Тұрмаса ел парызы әр күн ойда?
Гауһардай тұңғиықтан табылмаса,
Көбіктей су бетінде қалқымай ма?
Патшасы болғанменен қанша дана,
Қадірлі ел бақыты жанса ғана.
Ұлтының ұл қаша ма азабынан,
Емес пе қазағынан жан садаға!
Бекітсе астананың ірге тасын,
Көрсетер күдірейтіп кім жотасын?
Күңіреткен қаралы күн қайтып келмес,
Қазақтың көрде жатқан күллі атасын!
Біреулер әурешілік дер де мұны,
Көшіріп босағаға төрдегіні.
Қияға қиял жетпес құлаш ұрды,
Қайтпаған таудан-тастан өр көңілі.
Жәрдемін аямаса Хақтағала,
Пәрмені Президенттің тоқтала ма?
Жарлыққа қолын қойды нық сеніммен,
Астана ауыссын деп Ақмолаға!
Сарыарқа сайын дала - жер кіндігі,
Баянды Байтағымен елдің күні.
Қазағым, көш көлікті болсын енді,
Көтерген жолда қалмас Нардың жүгі! ..
Аршында, шығар қазақ, үнінді асқақ,
Кім сені тоқтатады бүгін жасқап?!
Астана Ақмолаға келе жатыр,
Айбынды Нұрсұлтандай ұлың бастап!
Желбіреп көштің алды жалаулайды,
Арқаға аққан судай ел аунайды.
Тапсыр да тағдырыңды ер соңынан,
Ер туып екі қайта жаралмайды.
Арқаның асау желі борандайды,
Бірақ та көшке бөгет бола алмайды.
Ақтүтек қайта айналып соққанменен,
Ақсүйек заман жұты оралмайды.
Бұл жерді бабаң қорғап жат қолынан,
Түспеген күндіз-түні ат жалынан.
Асыңа қылаяғы шыбын кожа,
Айырылсаң қара қазан қақпағынан?
Қайтқаны осы емес пе кеткен есең,
Біріңді-бірің қағып шеттемесең.
Япыр-ау, не қыл дейсің бұдан артық,
Үстінен қыл көпірдің өт демесең!
Салған соң кең толғанып көпке кеңес,
Аяулы Алматысы өкпелемес.
Алдымен Елбасының жүрегінде,
Астана жерде де емес, көкте де емес!
Ағайын, артық сөйлеп құлаштама,
Тұнығын туған елдің ыластама!
Жалпының қамын жеген жалғыз басы,
Көсемнің өзі емес пе шын Астана!
Тағдырдың талқандалып тас қамалы,
Талайдың төңкерілді тостағаны.
Құлағы қияпаттың көрінгені-
Қарбалас ауыстырса астананы.
Көсемге көштің түсер салмағы бар,
Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар.
Көреген, қол бастаған дара батыр,
Көкжалдай мұз төсеніп, қар жамылар.
Отырсақ өзге жұрттан аса қарап,
Қонғаны бақ пен дәулет қоса қабат.
Ерлігі Елбасының жарқырап тұр,
Бұлт қалай күннің көзін тасаламақ?!
Көрейін көштің көркін көлденеңдеп,
Төгейін сүйіншіге сөзден өрнек.
Бір күннің біте қалар жұмысы емес,
Мың күнгі мехнатпен келген еңбек.
Саңлақтың салған жолы жатыр дара,
Ақ таяқ ұстатқандай соқырға да.
Бұл көштің абыройы халыққа ортақ,
Шығармас бір адамның атын ғана.
Жаңарып Қаратаудың ескі өлеңі,
Бауырынан Алатаудың көш келеді.
Сыртынан қарап тұрған дос сүйініп,
Дұшпанның сұқты көзі сескенеді.
Көрмедім ұлы көшті басқа мұндай,
Бүгінгі батырлықтың дастанындай.
Келеді тәуекелдің тауын асып,
Асқардан бабалардың асқанындай!
Келеді
халқын бастап қазынаға,
Ақ боран, алдын орап азынама.
Қуанып қалың елі жатқан шығар,
Алайда шын қуанған өзі ғана...
Заманның зуылдайды күш-көлігі,
Шалқиды алып-ұшып құс-көңілі.
Шығармас сыртқа сырын патша-жүрек,
Кім танып-біліп жатыр іштегіні?
Сарыарқа-сан ғасырдан қалған мұра,
Риза бақытына жанған мына.
Күтіп тұр салтанатты көштің алдын,
Қолында Ақмоланың ақ домбыра.
Арда едің, асау едің Арқа неткен,
Төсінде небір бағлан дархан өткен.
Ақмола осы еді ғой Кенесары,
Бөрінің бекінісін талқан еткен!
Айналдым аруағыңнан, ер Кенекем,
Тәңірі тілегіңді берген екен.
Тентіреп жердің түбін жеті айналып,
Қазақтың құты қайтып келген екен!
Жетерлік көріп келген көрешегі,
Болса екен мәңгі жарқын келешегі.
Ту үстап, тұлпарына қайта қонған,
Халқының айдарынан жел еседі.
Қалың ел қазағына бесік болған,
Бұл жұртта ошақ қанша өшіп қалған.
Есілім осы еді ғой ер Қабанбай,
Ен жайлап, жағасында көшіп-қонған.
Дұшпанның аян бізді шақырмасы,
Қасықтай қара суын татырмасы.
He іздеп жүрсің деме бұл арадан,
Бабамның арыстандай жатыр басы!
Жөңкілген Бостандықтың көші қандай,
Сарқылған құрдым қайта тасығандай!
Көзінен келгендердің қымсынады,
Жыртығын жүдеу қала жасыра алмай.
Уақа емес, жалт қаратып дүниені,
Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың Көсемінің алдына кеп,
Тәккаппар талай бастар иіледі!
IX
Ақмола кеше ғана басқа қала,
Айналды Бәйтеректі Астанаға!
Еміреніп өз анасы емізбесе,
Сәбиге шайнап берген ас бола ма?
Бақытым басымда тұр талай күткен,
Сеземін келмегенін оңайлықпен.
Үзіле жаздап еді өндіршегім,
Өзекке тепкілеген өгейліктен.
Көңілге сәуле құяр Сарай нұры,
Астана-ел тірегі, ел айбыны!
Кемері шалқып жатқан Қазақстан-
Мұхиттың аласұрған көк айдыны.
Тіршілік түзегенде көркін жаңа,
Сұрапыл соқпаса екен толқын жара.
Армысың, Азаттықтың астанасы-
Талпынған арманына еркін қала!
Жаһанның жанарында жаңа қала,
Жұлдыздай туа қалған өліарада.
Бес жылда бой көтерген ғимараттар,
Жайнап тұр шомылғандай самалаға!
Жырламас ғажайыпты кім мұндағы,
Жеткенше сөздің дәмі ділдің нәрі.
Алғысын жаудырады Елбасыға,
Бақытты бұл шаһардың тұрғындары.
Қарашы, шаңырағы жас қаланың,
Аспанның бұлтын серпіп тастағанын!
Бүгіннен басталатын шежіресі,
Авторы Назарбаев Астананың!
Көрем де Астананың келешегін,
Елдермен алыс-жақын теңесемін.
Сырлассын Невасымен ұлы Пушкин,
Мен, міне, Есіліммен кеңесемін.
Бірінші Петр патша орыстағы,
Айбатын ақылымен тең ұстады.
Қайтсем де Ресейді ел етем деп,
Белгілі арпалысып алысқаны.
Жағадан астана caп алыстағы,
Батысқа, шығысқа да қарыштады.
Қазақтың Нұрсұлтаны сондай десем,
Әлеумет айтты демес мен ұшқары.
Аспанда мұнарасы дамылдаған,
Мен-дағы Астананың шамын жағам.
Әйгілі қалалардың жер бетінде,
Бір күнде ешқайсысы салынбаған.
Батырдай тынбай жортқан жорықтарда,
Тұлпарын
ауыстырған талыққанда-
Fасырлар өткелінде бізден басқа,
Көшірген астанасын халық бар ма?!
Бәйгеге кеш қосылып армандамыз,
Күтеміз аламанды алдан нағыз.
Күні ертең ерке Есілдің жағасына,
Париж кеп орнай қалса таң қалмаңыз!
X
Мінеки, мойындатты кемелдігін,
Пайымдап әулиедей келер күнін.
Көшіне астананың үрке қарап,
Сан-саққа жүгірткендер не дер бүгін?
Ағайын, адаспаңыз, енді жетер,
Араздық, бақталастық ел жүдетер.
Ес жиып, етегіңді жаба алмасаң,
Бодандық туын қайта желбіретер.
Сақтамай өкпе-наздың бұрынғысын,
Ер болсаң, ақтар ішек қырындысын.
Көзіңе жылы ұшырап көрінгенмен,
Кісінің кім танымас жырындысын?
Ақыны ақ сөйлемек ерікті елдің,
Мен-дағы өзімше бір көріпкелмін.
Тағзым ет Күлтегіннің Көктасына,
Әйтпесе Астанаға не ғып келдің?
Татулық тамшысына қаталаған,
Оқып көр не дегенін ата-бабаң.
Сөз ұқпас саңылаусыз болмасаңыз,
Жас келер жанарыңа боталаған.
Қоңырауын керуен-күндер күмбірлеткен,
Есіңе өмір түсер мың жылғы өткен.
Заманды қолды-аяққа тұрғызбаған,
Жалғанның жал-құйрығы тұлдыр неткен?
Жым-жылас қаншама жұрт жерге сіңді,
Ұмытпа кетсең қайтып келмесіңді.
Алланың ашып-жұмған алақаны,
Сыйғызар уысына көл-көсірді.
Кім келіп, кім кетпеген даламызға,
Жырлайды құлақ түрсең әр аңызға.
Арбасқан, аласұрған бір тіршілік,
Алмасқан бабамыздан баламызға.
Жаһаннан жоғалмаса адам аты,
Естілер арттағыға ғаламаты.
Қаһары қара жерді қалтыратқан,
Қайда сол Көктүріктер қағанаты?
Шайқасып үдей соққан дауылменен,
ҚұлағанДешті-Қыпшак дәуірлеген.
Ұлдарын ұлы дала ұмытқан жоқ,
Қырқысқан бірге туған бауырменен.
Ақтарсам ішімдегі шер-шеменді,
Түспесін есеңгіреп еңсең енді.
Үш жаққа бұра тартса үш туысқан,
Ұшпаққа кім шығарар ертең елді?
Мен емес бас-аяғы зарлағанның,
Алды-артын дүниенің барлағанның.
Туады әр халықтың өз Көсемі,
Бітетін маңдайына әр заманның!
Жолының дәлелдеді туралығын,
Тарихтың толғағынан туған ұлың.