Бұл мақалада қазіргі таңда қазақ әдебиетінде әлі толық зерттелмеген психологизм ұғымының қырсырын ашамыз. Шығарманың негізгі тірегі – адам баласы болғандықтан, шығарма кейіпкерлерінің жанында болып жатқан сыры мен құбылыстары анықталады. Көркем шығарма кейіпкерлердің құпия терең сырларымен толықса, оқырманға әсер беретінін түсіндіріп кетеміз.
Психологизм – адам өміріндегі болып жатқан іс-әрекет, демек психологизм ұғымын адам өмірімен тікелей байланысты десек қателеспейміз. Әрине басты тұлға – адам болғандықтан, оның күнделікті іс-әрекеті, мінез-құлқы адам өмірінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Адам өмірі дегеніміз не? Бұл жиынтық, нақтырақ айтсақ, бір-бірін алмастырып отыратын іс-әрекеттер жүйесі. Іс-әрекетте объектінің субъективті формасына, образға өтуі жүзеге асырылып, сонымен қатар іс-әрекетте объективті нәтижелеріне, өнімдеріне айналуы орын алады. Осы жағынан алғанда іс-әрекет процесс ретінде көрініп, онда субъект-объект өрістері арасында өзара ауысу жүзеге асырылады.