БІЛІМ ТЕРМИНДЕРІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ШЕЖІРЕСІ
Қазақстан егеменді ел, тəуелсіз мемлекет болды.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл мəртебесін алды. Енді тілімізді
мемлекеттік тіл дəрежесіне сай қоғамдық қызметін көтеріп,
жан-жақты дамыту міндеті бірінші кезекте тұр. Оны жан-
жақты дамытудың бірі – білім саласындағы терминдерді
қарау жəне бірізге салып жүйелеу мен қалыптастыру.
Бүгінгі таңдағы білім терминдерін таза өз тілімізде жүйелеп
реттесек, болашақта жастарымызды ұлт тіліндегі біліммен
сусындандырсақ, тіліміздің дамуына қосқан үлкен үлес болар
еді. Осы тұрғыдан алғанда білім терминдерінің болашағын
болжау үшін оның өткен жолына да көз салмай болмайды.
Осы орайда А.И. Герценнің: «Өткенді жете білу арқылы
қазіргісін түсінеміз, болғандардың мініне терең бойлай оты-
ра, болашақтағының мəнін ашамыз, артқа қарай отыра, алға
басамыз» деген ойы ойға оралады.
Қазіргі заманғы қазақ терминологиясын түзу ісі ХІХ ға-
сырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басынан бастау алады.
Əсіресе, ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан А. Байтұрсынұлы,
Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанұлы, Е. Омаров, Т. Шонанов,
Ə. Ермеков, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, К. Кемеңгерұлы,
Ж. Күдерин, М. Жұмабаев сияқты оқымысты зиялыла-
рымыз білім терминдерінің үлгісін еңбектерінде жазып,
көрсетіп, бізге сара жол салып кеткен. Осы ағартушылардың
еңбектерінде бұрын қолданылмаған, қазақ ортасына бей-
таныс пəн сөздері, ғылым-білім атаулары қазақ тілінде жа-
салып, аударылып қолданыла бастады. Жаңа сөздер жа-
салды, көптеген қатардағы сөздеріміз ғылым ұғымдарына
сəйкестелініп, терминдік сипат алды. Қазақ тілінде терминді
арнайы түзу ісін А.Байтұрсынұлы бастап берді. Мысалы,
ғалымның бір өзі қазақ тілі мен əдебиеті бойынша 500-
ден аса ғылыми түсініктерін түгелдей қазақ сөзімен атап
берді. Сонда-ақ, Х. Досмұхамедұлы, Қ. Жұбанұлы, Е. Ома-
329
ров, Т. Шонанов, Ə. Ермеков т.б. да ағартушыларымыз өз
еңбектерінде кейбір пəн сөздерін қазақшалап, қазақ сөздерін
термин ретінде, оларға сипат бере қолдануға тырысты.
Яғни осы кезең қазақ терминологиясын қалыптастыру-
дағы айрықша кезең болып табылады. Өйткені дəл
осы кезеңде ұлт тілі негізінде термин жасау ісі жемісті
жүргізілді. Қазақ зиялылары бұл іске айрықша мəн беріп,
ғылыми терминологияның бағдарын өздері белгілеп отыр-
ды. Ғылымның көптеген салалары бойынша қазақ тіліндегі
төл оқулықтардың жазылуы жəне өзге тілдерден аудары-
луы салалық терминологияның қалыптасуына жол ашты.
Сол кезеңге дейін термин жасаудың тұрақты принциптері
болмаған еді. Ондай күрделі міндетті атқару ісі қазақ
оқымыстыларының өздеріне жүктелді. Осы кездегі термин
жасаудағы негізгі көзделген мақсат олардың қалың бұқараға
түсінікті болуы еді.
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында көрнекті қазақ
зиялыларының ықпалымен ұлттық мектептердің өріс алуы
біршама дұрыс жолға қойыла бастады. 1920 жылы қазанда
Халық ағарту комиссиясы құрылды. Оның басты міндеті –
республика халықтарын сауаттандыру үшін ауылда қазақ,
орыс-қазақ мектептерін ашып, оларды оқулықтармен, қа-
жетті материалдармен жабдықтау, жастарға білім берумен
қатар еңбекке баулу, мұғалім кадрларын дайындау мəселе-
лері болды. Жылдан-жылға мектепте оқитын оқулықтар
саны арта түсті. Бұны біз Бүкілодақтың І құрылтайында
берілген есебінен көреміз. «Бірінші басқыш мектептер саны
1922 жылы 2001, 1924 жылы 2643 (оқушы саны – 156865)
болды, ал 1924–25 жылдары – 1238000-ға жетті, оның 222000
қазақ балалары еді. ССРО-ның əртүрлі жоғары оқу орында-
рында Қазақстаннан 1924 жылы 908 адам оқыса, 1925 жылы
600 адам қосымша оқуға жолдамамен жіберіледі, оның 600-
700-і қазақтар еді».
Сонымен бірге 20-жылдары қазақша ғылым тілінің да-
мып қалыптасуына мерзімді баспасөздің, оқулықтар мен
330
оқу журналдарының, сөздіктердің тигізген рөлі зор болды.
Ғылымның əртүрлі саласына жататын терминдер мерзімді
баспасөз беттерінде жарияланып тұру арқасында бір жүйеге
түсіп, тұрақтала бастады.
Қазақ терминдерінің мəселесі ең алғаш рет 1924 жылы
Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен
ғылыми қызметкерлердің І съезінде алфавит, орфогра-
фия мен терминология мəселелері кеңінен сөз болған еді.
А. Байтұрсынұлына дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы
орыс түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілі ғылыми
негізде алғаш зерттелгенмен, бірақ олар орыс тілінде жазы-
лып, түркі тілін зерттеушілерге арналған болатын. Оларды
мектепте қалың көпшілікке арналған оқулық деуге бол-
майды, оларда қазақша тіл терминдері жоқ еді. Сол себепті
А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында ана тілінде ұлттық
тіл білімінің негізін қалаған қазақтың тұңғыш ғалымы
ретінде танылады.
А. Байтұрсынұлы жасаған ғылыми атаулардың (термино-
логия) принциптеріне сүйеніп, сол кездегі қазақтың оқыған
зиялы азаматтары ғылымды ана тілінде дамытудың негізін
қалады. Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның əр са-
ласынан ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жаза
бастады. Елдос Омарұлы «Пішіндеме», Мағжан Жұмабаев
«Педагогика», Жүсіпбек Аймауытов «Психология», Жұма-
хан Күдерин «Өсімдіктану» оқулығын, ал «Арифметика»,
«Есептану» оқулығы атауларына Міржақып Дулатұлы,
Сұлтанбек Қожанұлы, Кəрім Жəленовтер көп еңбек сіңірді.
Осы ғалымдар ұсынған принциптер түркітанушылардың
ең беделді ғұлама ғалымдары қатынасқан Бүкілодақтың
І құрылтайында (Баку, 26 ақпан, 6 наурыз, 1926 ж.) жасалған
ғылыми баяндамада ғылыми тұрғыдан қолдау тапқан еді.
А. Байтұрсынұлы халықты осындай құрылтаймен таныстыру
мақсатында «Түрікшілер құрылтайы» деген мақала жазды.
Онда: «Пəн сөздері жағынан басынан-ақ қазақ басқалардан
бөлек жол тұтынуды, басқа түріктер əдебиетті араб, парсы
331
сөздерімен шұбарласа көркем болады дегендіктен, екінші
өз тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын
пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен əдебиет тілі
бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып жіберу дəрежесіне
жеткен.
Қазақ жат сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жа-
сауға тырысты. Əдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат біле-
тін, білмейтін қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді.
Тілі арасына жік түсіп, айырылмас үшін шетел сөздерін
амалсыз болған жерде ғана алатын тəртіпті қолданды».
Сөйтіп бүкіл ұлттың мəдениетінің қаулап қанат жаюына
ықпал жасаған шаралардың 20-30-жылдарда тіптен белең
алғанын айту лазым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір
беттері осы кезеңге орайлас келеді. Оны біз сол кездегі зи-
ялы қауымның оқулықтарынан, сөздіктерінен, еңбектерінен
көреміз. Олар ғылымның əр саласында заман талабына сай
өз мамандары жоқ кезде əрі ақын, əрі жазушы, əрі аударма-
шы, əрі сыншы болуға тура келді.
Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның əр сала-
сынан да ана тілінен оқулықтар мен оқу құралдарын жаза
бастады. Оған дəлел М. Дулатов (1885-1935) – ақын, жа-
зушы, драмашы, көсемсөзші, педагог, қоғам қайраткері.
Орыс-қазақ училищесін, педагогикалық курстарды бітіріп,
ауыл мұғалімі болып істеп жүріп, өздігімен білім алумен
айналысқан. Соның нəтижесінде əдебиет, мəдениет, тарих
жəне этнография, тіл білімі, математика жөніндегі 2 мыңнан
астам мақалалар мен еңбектердің авторы. Солардың ішінде
М. Дулатұлының «Есеп құралы» атты 2 бөлімнен тұратын
оқулығы 1914 жылы басылып шықты. 1914 жыл мен 1928
жылдар аралығында оқулық өңделіп, толықтырылып басы-
лып отырды. М. Дулатұлының осы оқулығында: көбейту,
Достарыңызбен бөлісу: |