Терминологиясы


ТЕРМИНОЛОГИЯ МЕН АУДАРМА ҒЫЛЫМЫН



Pdf көрінісі
бет100/124
Дата28.09.2022
өлшемі1,84 Mb.
#40584
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
Байланысты:
7240 (1)

ТЕРМИНОЛОГИЯ МЕН АУДАРМА ҒЫЛЫМЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ Қ. ЖҰБАНОВТЫҢ РӨЛІ
Жалпы тіл атаулының қоғам өмірінде атқаруға тиісті 
басты қызметтерінің бірі – оның ғылым тіліне айналуы 
деп есептесек, бұл қасиет те белгілі бір даму сатысына тəн 
құбылыс екенін мойындау керек. Қазақ тілінің даму тарихы-
на үңілгенде де біз осындай жайды аңғарамыз. 
Тілдің ғылымға қызмет етерлік қабілеті болу үшін, тіл 
иесі сол халық ғылымының сан тармағын дамытуға тиіс. 
Ал ғылымды дамытамын деген ел, ең алдымен оның неше 
алуан ұғымын, түсініктерін нақты өрнектейтін арнайы 
лексикасын жасайды. Əрине бұл аспаннан түскен, не жер 
астынан алынған нəрсе емес, əрбір тілдің өз мүмкіндігінен 
туындап жататын заңды құбылыс. Бұл арнайы лексика деп 
отырғанымыз – тілдің терминологиялық жүйесі. Əрбір тіл 
өз терминологиялық жүйесін жасау мен қалыптастыруда əр 
алуан кезеңдерді бастан өткізеді. Қазақ тілі де солай.
Сөйтіп Қазақ тілінің терминологиялық жүйесін сөз еткен-
де, біз осы проблеманың тууына, жасалуына, қалыптасуына 
тікелей қатысы болған, бастауында тұрған, негізін салған екі 
алыпты ең алдымен еске алуға міндеттіміз. Бірінші – Ахмет 
Байтұрсынұлы да, екіншісі – Құдайберген Жұбанов.
А. Байтұрсынов – қазақ тілі мен əдебиеті терминдерін жа-
сап қалыптастырушы болса, іле-шала бұның ғылыми проб-
лемаларын сөз етіп, оны ғылым объектісіне айналдырған 
Қ. Жұбанов деп айтуға болады. Ендігі əңгіме осы тұлға жа-
йында.
Тілі тынысын жіті бақылап, оның сан сапасын саралауға 
жəне өз байқауларын өзгеше шабытпен сауатты жазуға кел-
генде Қ.Жұбановтан (1899-1938) асқан тілшіні таба қою 
қиынға соғады. Өзінің бүкіл білік-білімін ол, ең алдымен, 
туған халқын сауаттандыру жолына жұмсады. Алфавит, ор-
фография, терминология мəселесін қалыпқа түсірмей, ешбір 
халық сауатты бола алмайтынын түсінген профессор өзінің 


319
күш-жігерін осы салаға да жұмсаған. Аталған бұл үш проб-
леманы біріне-бірін байланыстыра, бірінен-бірін туғыза ау-
мағын қарастыру ол кезде кез келген адамның қолынан келе 
алмастығы түсінікті болар. Мұндай шаруаны заманының 
ғылым-білімін терең меңгерген Қ.Жұбанов сияқты зерек ма-
мандар ғана қозғай алар еді. Біздің бұл жолғы мақсатымыз 
ғалымның қазақ терминологиясын қалыптастырудағы 
рөлін жəне аударма туралы ойларын айқындау болып отыр. 
Осыған орай оның «Термин сөздердің спецификасы» («О спе-
цифике слов-терминов»), «Қазақ əдебиет терминдері тура-
лы» («Термины казахского литературного языка»), «Қазақ 
əдебиет тілі терминологиясының принциптері» («Принци-
пы терминологии казахского литературного языка») жəне 
«Этюды к переводу трех стилей» деп аталатын зерттеулеріне 
айрықша назар аударамыз. Термин жайында жазылған 
мақалалардың алғашқы екеуі 1935 жылы «Мемлекеттік тер-
минология комиссиясының бюллетенінде» жарияланған. Ал 
терминология принциптерін сөз ететін үшінші еңбек 1936 
жылы шыққан «Терминология сөздігінің» алғы сөзі ретінде 
берілген, кейін бұлардың барлығы ғалымның 1966 жылы 
жарияланған «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулеріне» енді. 
Қ. Жұбанов терминология мəселесін «К пересмотру ка-
захской орфографии» жəне «Проект и изменений орфогра-
фии и алфавита» деген мақалаларында да қозғайды. Бұдан біз 
профессордың бұл мəселені ылғи өзінің назарында ұстағанын 
байқаймыз. Соның нəтижесінде кейінгі ізденушілерге пай-
дасы тиер бағыт-бағдар сілтеп отырған. Алдымен айтар 
бір шындық, еңбектердің қай-қайсысы да болашақ ғылыми 
ізденістерге үлгі боларлық дəрежеде жазылғандығы. 
Мəселен, «Термин сөздердің спецификасы» деп аталатын 
мақаласында ол қазақ тіл білімінің тарихында тұңғыш рет 
термин дегеніміз не екенін, оны қалай түсініп, қалай іске жа-
рату туралы сөз қозғайды, өз анықтамасын ұсынады. Автор 
ойын дəл білдіру үшін біз бұл үзікті орысша қалпынша алу-
ды жөн көрдік. 


320
«Термином называется специфический вид определен-
ных словесных обозначений, передающих определенные 
понятия, установленные на данном этапе развития науки и 
революционной практики, причем передаваемое терминоло-
гическое понятие может не совпадать словарным значением, 
которые присуще данной словесной величине в обыденной 
жизни».
Сөз бен терминнің аражігін айырып түсіну қабілеті əлі 
айқындала алмай жатқан, сол бір сауат ашу кезеңінде бұл 
мақаласының айрықша əсері болғанын сезіну қиын болмас. 
Мəдени революция кезіндегі əр алуан пікірталастар мен 
тартыстар, көзқарастар негізіне қарағанда, сан түрлі жол-
дармен қилы-қилы пішінде жасалып жатқан лексиканың бұл 
тармағын елдің бəрі бірдей түсініп, дұрыс қабылдай қоймаған. 
Жаңа өмірдің тілек-талабына орай ғылым мен техниканың 
сан саласы бойынша толассыз еніп жатқан терминдер 
тасқынын тоқтату қандай мүмкін болмаса, оларды бірден 
сол қалпында қабылдап, халық қолданысына енгізе қою да 
оңайға түспеген. Тіл дамуында етек алған бұл құбылысты 
ешқандай қараусыз, қадағалаусыз қалдыруға болмайтынын 
бірден аңғарған ғұлама бұл процесті бүкіл аумағымен алып, 
оның даму арналары мен көздерін түгел көрсетеді. Əлгіндей 
көзқарастар мен таным аласапыранында бұл проблема-
ны аса біліктілікпен талдап, ол жөніндегі түсінік қандай 
болу керек дегенді ол кезде Қ. Жұбанов қана айта алды. Ол 
осы сала бойынша ізденушілердің, пікір қозғайтындардың 
ғылыми тұрғыда қандай бағыт ұстануы қажет екенін таны-
тар ой өрбітті. Өйткені адамның ақыл-пайымына сыйым-
ды іс-əрекеттің сан саласын айрықша дамыта түскен жаңа 
қоғам жұртшылықтың білуге деген құштарлығын арттырған 
ғалымдар тарапынан елеусіз қалуы мүмкін емес-тін. Жаңа 
ұйым, жаңа түсінік қазақ тілінің сөздік құрамын айрықша 
қозғалысқа салып, осы заман іс-əрекетіне лайықты шапшаң 
қарқын берді. Сан ғасыр сүрленіп, сандық түбінде жатқан 
талай қазақ сөзі қайта жаңғырып, жаңа сапаға көшті. Сөйтіп 


321
қоғам дамуындағы заңды құбылыстар нəтижесі ретінде 
пайда болған лексикамыздың мүлде жаңа қабаты – термин 
сөздер табиғатын Қ. Жұбанов сынды ғұламаның түсіндіріп 
беруі – ғылыми ой-пікірдегі бір адым ілгері басқандық бо-
латын. 
Шынында, əуелі термин дегенді анықтап алмай тұрып
оның ғылыми мəселелерін қарастыру мүмкін емес қой. 
Қ. Жұбановтың алдымен анықтама берудегі көздеген мақ-
саты осы болатын. 
Терминнің анықтамасы берілгеннен кейін, термин жасау 
жөнінде белгілі дəрежеде жүйе бола бастайды. Неге десеңіз, 
терминология технологиясын жолға салып, бақылап, тіпті 
басқарып отыруға мүмкіндік туды. Бұл мақаланың ең ба-
сты маңызы осында. Мақалада тағы бір құнды пікір – тер-
мин аудару мəселесіне байланысты ойлар деп білеміз. 
Ол ортақшыл (коммунист), пішіндеме (геометрия), жан 
жүйесі (психология) т.т. сөздердің қазақилығын сынға 
ала отырып, ол жалпыға ортақ халықаралық терминдерді 
екінші тілге аударып əуре болудың қажеті жоқ деп түйеді; 
мұндағы қателіктердің көбі аударылмайтын дүниені аудару-
дан, жалпыға ортақ сөздерді қазақшалаудан болады дегенді 
мегзейді; жəне мұндағы қателіктің негізгі себебі терминді 
емес, терминге телінген лексикалық мағынаны аударудан 
болып жататынын түсіндіреді. Дəл осыған ұқсас əрекеттен 
біз күні бүгінге дейін арыла алмай келе жатқандығымызды 
ойласақ, Қ. Жұбановтың бұл пікірінің өміршеңдігін 
аңғарамыз. 
Жалпы терминдерді қазақша тұрақтандыруды мақсат 
еткен жақсы ниетті қолдай отырып, біз мынадай жайды 
еске сала кеткіміз келеді. Əлемге ортақ, тілімізге сіңген 
халықаралық терминдерді де түгел аударуды талап ететін 
қаламгерлер қазір де баршылық. Ондайлар пікіріне осы 
мақала толық жауап береді. 
Профессордың қазақ терминдерін жасауға тірек-негіз 
болған нəрсе не екенін əңгімелейтін тұстары аса маңызды. 


322
Ол екі нəрсенің басын ашып айтады. Оның бірі – көп 
ұлтты кеңес елінің бəріне ортақ халықаралық сипат алған 
терминдерді сол қалпында қабылдау болса, екіншісі – қазақ 
тілінің өз ішкі мүмкіндігі арқылы жасалған терминдерді 
дұрыс қолдану. Ол термин жасалу процесінде осы екі 
принциптің қатаң сақталуын талап етеді. Əртүрлі ағым, 
түсінік өрши-өрбіген 30-шы жылдардың басында мұндай 
кесімді пікір айту батылдықпен бара-бар болатын. Əсіресе, 
грамматиканы «тіл танытқыш», теорияны «қисын», базисті 
«түптірек», варваризмді «қотырсөз», стилистиканы «тіл 
қисыны», циркульді «жезбе» деп алып, лексиканы «сөз 
кенін тексеру ғылымына» айналдырушылар қарасы көбейіп 
тұрған тұста туған мұндай батылдыққа тəнті болмай тұра 
алмаймыз. Əңгіме дəлелсіз, дəмсіз айқайға құрылған құр 
батылдықта емес, ғылыми негізді тірек еткен дəйекті ойдың 
озықтығында еді. 
Қ. Жұбанов осы ойын «Қазақ əдебиеті тілі терминдері 
туралы» деген мақаласында тереңдете түседі. Ол мəдени 
құрылыс қайраткерлерінің Бүкілқазақстандық бірінші 
съезіне дайындық есебінде мемлекеттік терминология 
комиссиясының мəжілісін өткізіп, 10 мыңдай терминді 
талқыға салды. Талқыға түсіп, «Бюллетеньде» жарияланған 
бұл терминдер қандай принцип негізінде жасалғанын баян-
дайды. Ол ұсынған принциптің бірінші пункті бойынша ре-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет